817

Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ

Жыл басы қазақстандықтарды демалыс күндерімен қуантпақ.

Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың  қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Министрдің «2025 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбі, яғни демалыс күні 2025 жылғы 3 қаңтарға, жұмаға ауыстырылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар - 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс уақытын оңтайлы бөлуге және азаматтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Материал авторы