"Жасанды интелект арқылы дауысын өзгерте алады": Алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан хабарлама жіберіп жатыр

30.06.2024, 19:18
737
"Жасанды интелект арқылы дауысын өзгерте алады": Алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан хабарлама жіберіп жатыр ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрлігі Аида Балаеваның атынан қазақстандықтарға түрлі мәселелер бойынша хат жазатын алаяқтар пайда болғанын ескертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министрлік мұндай сипаттағы хабарламаларды Аида Балаева емес, алаяқтар жазатынын ескертті.

"Мұндай хабарламалардың жалған екенін мәлімдейміз. Аида Балаева және Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді", – делінген хабарламада. 

Ведомство қазақстандықтарды қырағы болып, алаяқтармен хат алмаспауды сұрайды. Егер сіз осындай хабарламаларды алсаңыз, мына әрекеттерді жасауды ұсынамыз:

  • Оларды елемеңіз және жауап бермеңіз;
  • Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;

"Азаматтарымыздың мүдделерін қорғау – басты міндет және алаяқтық әрекеттерді тоқтатуға бар күш-жігерімізді саламыз", – деп хабарлады министрлік.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ел азаматтарына алаяқтар туралы ескерту жасады.

"Алаяқтардың жасанды интеллекті пайдаланғаны туралы хабар келді. Жасанды интеллект қолданатын алаяқтар қаржылық артықшылыққа қол жеткізу үшін өздерін басқа адам ретінде жасырып, дауысын өзгерте алады", – делінген хабарламада. 

Мысалы, бұрын өзін банк немесе полиция қызметкері деп атаған алаяқтар енді кез келген танысыңыздың, достарыңыздың немесе жұбайыңыздың атын жамылып телефон соға алады. Себебі, жасанды интеллект алаяқтардың дауысын өзгертіп, бұл әрекетті оңай жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен бір адамның бет-бейнесін екінші адамның кейпінде көрсетуге болады. Сондықтан, жеке ақпаратыңыз бен қаражатыңызды қорғауға тырысыңыз.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды