Жазушылар одағының басшысы Мұхтар Мағауин мен Дулат Исабековтің сұхбаттарын сынады

Аиса Махамбет Редактор
14.01.2024, 18:52
1352
Жазушылар одағының басшысы Мұхтар Мағауин мен Дулат Исабековтің сұхбаттарын сынады collage smartnews.kz

«Ағалардың аузынан пендешілік әңгімелердің шыққанын мен жаратпаймын»

Smart News басылымының хабарлауынша, Жазушылар одағының басшысы Мереке Құлкенов Мұхтар Мағауин мен Дулат Исабековтің сұхбаттарын сынға алды.

Абай порталындағы «Ұлт бірлігі тұлғалардың бір бірін мойындауы арқылы ұйыса түседі» атты мақалада жазушы Дәурет Қуат Жазушылар одағының басшысы Мереке Құлкеновпен сұхбаттасқан.

Сұхбатта Дәурен Қуаттың «Мереке Әбдешұлы, өзіңіз білесіз, елдің тұтастығы, бірлігі дегеніміз – бүгін айтып ертең ұмытатын сөз емес. Елдің ішкі береке бірлігін, ұлттың тұтастығын біз әрқашан ойымыздан шығармай, берік ұстауға тиіспіз. Ал халықтың ынтымағы зиялы қауымның  ауызбірлігінен табылады деп түсінемін. Сіз қалай ойлайсыз?» деген сауалына, одақ басшысы Мұхтар Мағауин "Халық үні" журналисіне берген сұхбаты мен Дулат Исабековтің Adam youtube арнасына берген сұхбатын тілге тиек етіп, былай деп жауап берді.

«Биыл біз жаңа жылды екі үлкен сұхбатпен қарсы алдық. Президенттің сұхбатынан басқа, әлеуметтік желілерде екі жазушының сұхбаты жарық көрді. Біріншісі, Мұхтар Мағауиннің сұхбаты. Жақсы сұхбат. Мұхаңның сұхбатында көпке ой тастаған сөздер жетерлік. М. Мағауиннің маңдайымызға басқан тұлғалардың бірі екенін мойындауымыз керек. Мен жазушыны қазақ прозасына, қазақ әдебиетінің тарихына, жалпы қазақ тарихына көп еңбек сіңірген адам деп есептеймін. Дәл осылай тарих пен әдебиетке қатар  еңбек сіңірген адамдар бізде саусақпен санарлық. М. Мағауиннің жөні қазақ үшін бөлек. Оның аузынан шыққан әрбір сөзін жұрт қағып алып, ақыл-кеңес сияқты қабылдайды.

Сол сияқты екінші ағамыз Дулат Исабековтың да еңбегі ұшан-теңіз. Әсіресе, проза, драматургия жанрында. Әлемге қазақтың драматургиясын танытуға Дулаттай еңбек сіңірген қаламгер кемде кем. Кешегі «Бөртесінің» өзі қандай керемет дүние болып қабылданып жатыр!» деді ол.

Одақ басшысы олардың сұхбатын «зиялы қауым қабылдамайтын тұстары бар» деп бағалады. 

«Осы екі ағамыздың сұхбатында мен ғана емес, жалпы зиялы қауым қабылдамайтын тұстары бар деп ойлаймын. Дүниеден өткен кісілерге, сонымен қатар, біздің үлкен тұлғаларымызға кір жағып, айып таққысы келіп тұратын мінездері, екеуінің бірін-бірі мойындағысы келмейтіні ұнамайды. Мысалы, «қазақтың ең үлкен, ең зиялы он жазушысы кім?» десек, екеуі де сол ондыққа кіріп тұрған қаламгер. Екеуі де бірінен-бірі кем емес.

Мұхтар Мағауиннің соңғы кезде жазған еңбектері – төрт томдық Шыңғыс хан туралы шығармалары, Алтын Орда  туралы шығармалары. Өзі осы шығармаларды шаршап-шалдығып бітіріп, енді сәл кідіріс жасап демалтындығын айтып отыр. Бұл қазақтың тарихына, біздің әдебиетімізге, мәдениетімізге қосылған үлкен үлес қой.

Сондай ағалардың аузынан пендешілік әңгімелердің шыққанын мен жаратпаймын. Сондықтан соңынан келе жатқан інілері ретінде екеуміздің пікір білдіргеніміз жөн шығар.

Сол сияқты Дулат ағамыздың да шығармалары өз биігінде қалады. Оған кәміл сенемін. Сөйте тұра мүйізі қарағайдай екі ағамыз ұсақ-түйек нәрселерді бүкіл халықтың назарына, құлағына жеткізуге тырысып болмайтын сөзге барады. Меніңше, М. Мағауин де, Д. Исабеков те дуалы ауыз болып, қазақтың  болашағы, әдебиеті, тарихы туралы жақсы әңгімелер айтып, ешкімнің намысына тимей, ешкімнің өткеніне «үкім жүргізбей», халыққа керек абыздардың сөзін айтар уақыты болды деп ойлаймын», - деді ол. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр