1208

Жеңілістен көз ашпаған «Барысқа» Қайрат Нұртас көмектеспек (ВИДЕО)

«Барыстың» туған күніне орай матчта Қайрат Нұртас ән айтады.

Жеңілістен көз ашпаған «Барысқа» Қайрат Нұртас көмектеспек (ВИДЕО)
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас ҚХЛ-да «Барыс» -«Авангард» матчы алдында өнер көрсетеді. Астаналық хоккей клубы биылғы маусымда жеңілістен көз ашар емес. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

«24 қарашада «Барыс» хоккей клубының туған күніне орай, «Авангардпен» өтетін матчта Қайрат Нұртастың өнерін тамашалауға шақырамыз! Шоу сағат 16:00-де басталады. Трибунада өз орындарыңызды алу үшін алдын ала келуіңізді сұраймыз. «Барыс Аренада» кездесіп, туған күнімізді бірге атап өтейік», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта елордалық ұжым ҚХЛ-ның Шығыс конференциясында 12 команданың ішінде 11-орында келеді. Плей-офф аймағынан хоккейшілерді 8 ұпай бөліп тұр.

Материал авторы