«Жердегі затты қалтама салып көрмеген адаммын»: Тоқтар Серіков ән ұрлады деген композиторге жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 17:51
1522
«Жердегі затты қалтама салып көрмеген адаммын»: Тоқтар Серіков ән ұрлады деген композиторге жауап берді жеке мұрағатынан

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Тоқтар Серіков “Әнімді ұрлап алды” деген сазгерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР мәдениет саласының үздігі Арайлым Мамырбек әнші Тоқтар Серіковті сотқа беріп, “Баба дала баяны” әнінің музыкасын ұрлап алды деп айыптаған еді. Істің ақ-қарасын өнер иесі журналист Әйгерім Сейфоллаға айтып берді. 

“Ауылға барамын” әні әке-шешемді сағынғаннан туған ән еді. Ауылдағы ағайындарымды бөлмеймін. Олар да әке-шешеміз сияқты сыйлап, құрметтейді. Бірақ біз қатты сағынып келген адамдардың жоқтығы жанға батады. Солардың құрметіне жазылған туынды еді. Алайда ол ән Арайлым деген әніне ұқсап кетіпті. Ол қарындасымды бұрын-сонды тыңдамағанмын, көрмегенмін. Оның әнін білмеймін де. Бірақ бір жерден, бір елден болғаннан кейін болар, ән соншалықты қатты ұқсас деп те айта алмаймын, бірақ ұқсас жерлері бар. Содан қарындасымды жанындағы кісілер күйттеген бе, ерте қимылдап, телеарналардан қатты жарнамалап жіберді. Сол жаныма батты. Жердегі затты алып, "менікі" деп, қалтама салып көрмеген адаммын. Әлемдегі ең бірінші жек көретін нәрсем – ұрлық. "Ұрлықшы" атанғаныма жүрегім ауырды. Ақпарат біржақты тарады, содан өкпем қара қазандай болып қалды", – деп түсіндірді әнші.

Одан кейін сазгермен келісімге келіп, істі сотқа дейін жеткізбеген көрінеді. 

“Қазір мәселе шешілді. Қарындасымның алдына барып, сөйлестік. Себебі соттасу процесі ұзаққа баратын еді. Біріншіден, оны қыз баласы ретінде сыйладым. Екіншіден, оны аяулы ана деп есептедім. Үшіншіден, ол да мен туған ауылдың ауасын жұтқан, табанын жерге тіреген жерлесім ғой. Ертең "Тоқтар аға дардай басымен қарындасына сөйтеді ме екен?" деп айтпасын деп, қарындасыма аттан түсіп, жол бердім. "Сен айта ғой, сенің әнің болсын. Мен бұл әнді айтуды тоқтатамын" дедім. Алла куә, сол сәттен бастап бұл әнді айтқан емеспін", – деді өнер иесі. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр