«Жеті атамды білгім келеді». Тағы бір жетім бала туған анасын іздеп, көмек сұрады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2024, 19:09
5458
«Жеті атамды білгім келеді». Тағы бір жетім бала туған анасын іздеп, көмек сұрады (ВИДЕО) коллаж smartnews.kz

Оны асырап алғандар балалар үйіне хат жазғаны үшін ұрып-соққан.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Бармысың, бауырым?» хабарына туған анасын іздеп табу үшін Берік Кубанычбекулы Байгелдиев көмек сұрап, жүгінген.  Берікті туған анасы 2 айлығында сәбилер үйіне өткізген. Кейіпкер оның себебін, анасының материалдық жағдайының төмен болуымен түсіндірді. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Берік 2011 жылға дейін балалар үйінде өседі. Сол жылы 10 наурызда оны қазақстандық отбасы асырап алған. Хабар барысында өгей ата-анасы өзіне қатал қарағанын, денсаулық жағдайы нашар екенін білсе де жұмысқа жеккенін айтты.

Қымбат Досжанның мәліметінше, 1996 жылы 6 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. Анасының аты-жөні Ерқосаева Айжамал Ерқосайқызы, шамамен 1979-1980 жылдары туған. 6 жасқа дейін анасы Айжамал балалар үйіне келіп тұрған. Әр келген сайын тәттілері мен ойыншықтарын алып келетін болған. Соңғы рет 6 жасында келіп, "Шыдай тұр, алып кетемін", - деп айтып кеткен.

Балалар үйіне мені 6 жасымды ауыстырды. Сол кезде келіп, "Сені жақында алып кетемін, шыдай тұр", - деп еді. Алайда, одан кейін келмеді. Туған анамды тапқым келеді. Ол отбасын құрған жағдайда, мен оларға тиіспеймін. Мен өзімнің жеті атамды, жүзімді білгім келеді, - дейді Берік.

Берік өзін асырап алған отбасы жұмысқа салғанын жасырмай айтып берді.

Мені 2011 жылы Астана қаласының адамдары асырап алған. 12-13 жасымда сол кісілердің қолына өттім. Балалар үйіне ата-аналар келген сайын "Бізді де алып кетеді", - деп қуанатынбыз. Бірақ, арманым ұзаққа созылмады. Олар ақырындап мені ауыр жұмысқа сала бастады. 8-сынып оқитын кезімде шыдай алмай, балалар үйіне қайтқым келетінін айтып, хат жазған едім. Олар менің хатымды оқып, ұрып-соқты, - дейді Берік.

Осылайша Берік анасымен қауышсам деген арманын айтып, тегімді білсем деп тілегін жеткізді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды