Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі

14.09.2023, 16:44
1013
Жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білу міндеттеледі ҚР Президентінің Іс басқармасы

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ҚР Президентінің Іс басқармасында «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, маңызын насихаттауға арналған жиынға Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының қызметкерлері, уәкілетті органдардың өкілдері, тіл мамандары қатысты.

Басқосуды жүргізген Президент Іс Басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев құттықтау сөз сөйлеп, мекемеде қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

– Биыл Президенттің Іс басқармасы жүйесінде кадрлардың әлеуетін көтеру үшін мемлекеттік тілді тереңдетіп оқыту және іскерлік қазақ тілін үйрету курсы ашылды. Аз уақыт ішінде 700 қызметкер осы курсқа қатысуға тілек білдірді. Жалпы Іс басқармасы Тіл саясаты комитетімен ынтымақтастықта жұмыс істеп, мемлекеттік тілдегі құжат айналымына мониторинг жүргізіп отырады. Биыл ІІ тоқсандағы мониторинг нәтижесі бойынша, мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 91 пайызға жетті, – деді ол.

Е.Адаев айтып өткендей, іргелі ұжымда мемлекеттік тілде іс жүргізу деңгейі жоғары деуге болады. Жұмысты әлі де жандандырып, жүз пайыздық көрсеткішке жету көзделіп отыр.

Алқалы жиында Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, белгілі алаштанушы ғалым Ербол Тілешов «Тіл және таным» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

– Мемлекеттік тіл – халқымызды тұтастыратын, ынтымақтастыратын негізгі фактор. Қазақ тілін білу отансүйгіштіктің көрінісі. Өзімізді танығымыз келсе, мемлекеттік тілді меңгеруіміз керек. Қазақ тілі қоғамдық өмірдің барлық салапсында қолдануға болатын тіл. Бұл тілде ғылым жасалды, ресми іс қағаздары жүргізіледі. Тіл – танымның құралы екенін әрдайым есімізде ұстайық, – деді ғалым.

Бұдан бөлек, дөңгелек үстелде танымал аудармашы Камал Әлпейісова «Ілеспе аударма – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту құралы» тақырыбында дәріс оқып, көп жылғы іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс басқармасының жүйесінде қызмет ететін мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі мамандар мен қазақ тілін жетік білетін, түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген өзге де азаматтар баяндама жасап, тіл үйренудегі ұтымды әдістерімен бөлісті.

Президенттің Іс басқармасының орталық аппаратында және ведомствоға қарасты мекемелерде ұзақ жылдардан бері еңбек етіп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысып жүрген қызметкерлер аз емес. Жиын соңында осы мамандардың мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі ерекше аталып, олар Президент Іс басқармасының аппараты басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды