755

Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)

Қала ішінде жолбарыстың емін-еркін жүргенін көрсетемін деп істі болды.

Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде жолбарыстың қаланы кезіп жүргені түсірілген видео кең тарады. Қала тұрғындары әлеуметтік желіде ақпаратты таратып, қауіп барын ескертті. 

Аталған ақпаратқа Қарағанды ​​облысының полиция департаменті жауап берді. Полиция мәліметінше, видеоны жергілікті тұрғын таратқан.

«Теміртау қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзған жалған ақпарат таратқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты», – делінген хабарламада.

Полиция жалған ақпарат таратқан кез келген адам жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. Сондай-ақ ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.  

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор