Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру конкурсы басталады
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру бойынша конкурс басталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар оң экономикалық нәтиже алу мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу, оның ішінде технологиялар трансфертін пайдалану арқылы кәсіпорынды дамыту бойынша технологиялық мәселелерін шешу үшін беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 5 маусымы мен 10 шілдесі аралығында сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі (Астана қаласының уақыты бойынша).
Конкурстың шарттары және талаптарымен келесі сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://qazinn.kz/ru/granty/tehnologicheskoe-razvitie.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон бойынша жүгінуге болады:+7-775-623-14-22, +7 (7172) 72-55-83 (ішкі 303).