Жыл басталғалы жемқорлар бірінен соң бірі ұсталып жатыр

15.03.2024, 13:35
5050
Жыл басталғалы жемқорлар бірінен соң бірі ұсталып жатыр ашық дереккөзден

Жылдың басталғаны кеше ғана. Осы екі айдың ішінде шенеуніктердің жемқорлыққа бой алдырып күдікке ілігу оқиғалары бір төбе болып жиналып қалды. Бұл жақсы емес. Осы қарқынмен жыл аяғына дейін кемі жүз шенеуніктің қолына кісен салынса керек.

Жыл басында ірілі-ұсақты бірталай шенеунік істі болып жатыр. Соның ең соңғысы деп алсақ, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Павел Булаев деген депутаты ұсталды. Депутатты Сыбайлас же қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері құрықтаған. Ұсталған шенеунік Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Тазалау, су өткізгіш және дренаждық құрылыстар» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны директорының орынбасары екен.

Агенттіктің хабарламасында: «Ол бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Булаев уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген. 

Ал Шымкентте бір шенеунікті тура қала әкімінің көз алдында, жиналыстың үстінде ұстап әкеткен. Қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарып келген лауазым иесіне қазынаның 120 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр. Ол 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын техникалық сынақтан өткізуге бағытталған қаржыны өзімен мүдделес компанияға бір көзден берген көрінеді. Ұсталған адамға қатысты бұдан басқа тағы бір іс тергеліп жатыр екен. Онысы да қаржыға байланысты деп жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазарнаулыэкспорт» деген республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорын ұстапты. Ресми хабарламада: «2024 жылғы 23-ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікпен «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорны бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды», – делінген.

Осының алдында ғана бірер ай бұрын 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен «Қазарнаулыэкспорт» кәсіпорнының басшылары ұсталған болатын. Бұл – үкімет құрған кәсіпорын. Ол Қарулы күштерді, басқа да әскер мен әскери құралымдарды қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз етумен айналысады, сондай-ақ әскери мүлік импорты мен экспорты бағытында жұмыс істейді. Мінеки, осындай аса жауапты әрі маңызды кәсіпорын жемқорлыққа күдіктен көз ашпай отыр. 

Ақмола облысының Целиноград ауданында бір шенеунік жергілікті кәсіпкермен сөз байласып қаржы талан-таражын жасаған көрінеді. Шенеунік пен кәсіпкер Қоянды ауылының көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге және оны қайта салуға бөлінген 1,2 миллиард теңгені жымқырғанын аудандық прокуратура келтірген. Іс қозғалған кезде күдікті шенеунік  Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқан екен.  Келген бойда ол қамауға алынды. 

Осы сияқты істер өте көп. Екі айдың ішінде жемқорлықпен күдікке ілігіп, тағдыры қыл үстінде тұрғандардың қатарында Алматы қаласындағы аудан әкімінің орынбасары, Алматыдағы ірі көлемде пара алды деген коммуналдық кәсіпорындардың бірінің басшысы, Шымкенттегі пара алды деген қалалық еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы,  Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғаты резерватының пара алудың қылмыстық схемасын жасаған деген басшысы, Атырау облысының ветеринарлық испекциясының шекарадан жүк өткізушілерден ірі көлемде пара алды деген басшысы, Ұлытау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының ірі көлемде пара алды деген басшысы, «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бюджет қаржысын талан-тараж етті деген бұрынғы директоры, Алматы облысындағы Іле ауданының бюджет қаржысын талан-тараж етті деген білім бөлімінің басшысы, тағы басқа лауазым иелері бар. 

Таяуда істеген заңсыз әрекеттері үшін ұсталғандардың соттары да өтіп жатыр. Атап айтқанда жыл басында Жетісу облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысына, Ақтөбе қаласындағы №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне, Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық білім бөлімі саласының қызметкерлеріне, Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясына және онымен бірге Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы мен параны беруші адамға да қатысты сот процестері өтті.

Қалай болғанда да, жемқорлық әрекетін жасаушылар жылдың басында-ақ осылай бой көрсетіп жатыр. Осының өзі-ақ олардың осыл еместігін және жанкешті екенін көрсетсе керек. Шетінен ұсталып жатса да шенеуніктерге шыбын шаққан құрлы әсер етпей ме, кім білсін. Жемқорлардың жандары сірі екен.

Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады