3526

Əбиба Əбужақынова 19 секундта айқын жеңіске жетті

Париж-2024: Әбиба ширек финалға өтті.

Əбиба Əбужақынова 19 секундта айқын жеңіске жетті
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, білікті дзюдошы Әбиба Әбужақынова қарсыласын жарыс жолынан шығарды. 

Алғашқы айналымда Әбиба Әбужақынова Израиль спортшысы Широ Ришониға қарсы күресіп, вазари әдісімен жеңіп, екінші кезеңге шыққан болатын. 

48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әбиба екінші айналымда тайпейлік дзюдошы Линь Чэнь-хаомен күресті. Ол 19 секундта қарсыласын иппон әдісімен сұлатып түсірді. Осылайша Әбиба ширек финалға өтті.

Еске сала кетсек, Әбиба 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Сондай-ақ 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері.

Әзірге Қазақстан жалпы есептік көрсеткішке бірінші орында.

Материал авторы