941

Алаяқтар су тасқыны кезінде қайырымдылық үшін деп жұрттан ақша жинай бастаған

Алаяқтар су тасқынын пайдаланып, алаяқтық жолмен қайырымдылық қаражатын жинап жүр. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды абай болуға шақырды.

Алаяқтар су тасқыны кезінде қайырымдылық үшін деп жұрттан ақша жинай бастаған
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарға қайырымдылық жасайтын қорларды мұқият тексеру керегін ескертті. Олардың тізім БАҚ беттерінде жарияланды.

Десе де алаяқтар реквизиттерін өзгертіп, қарапайым халықтың қалтасын қағуды тоқтатар емес.

Бұған дейін алаяқтар үш жылда қазақтандықтарды 18,9 миллиард теңгеге алдап соққаны туралы жазған едік.

 

Материал авторы