«Сыртқа шығудан қалдық» : Астаналықтар қаптаған масаға шағымданды

07.06.2024, 11:50
703
«Сыртқа шығудан қалдық» : Астаналықтар қаптаған масаға шағымданды ашық дереккөзден

Астанадағы тұрғын үйлердің терезедегі торы мен кіреберісін маса торлағанын тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жаппай салып, шағымданып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шаққанда теріні ісітіп жіберетін ірі жәндіктер су жағасы мен саябақтарға жақын орналасқан көпқабатты үйлерде көп шоғырланған.

Астана тұрғыны Әйгерім Ибрагимованың үш жастағы қызы да масаға таланған. Есік алдындағы аулада ойнап жүріп масаға жем болған кішкентай Әнелдің көзі ісіп, қышынып, мазасы кеткен соң, анасы амалсыздан дәрігерге апарған. 

“Маса өте көп, үлкен-үлкен. Балаларды шағып тастады, өзімізді де, қалың киінсек те, кешке шығу мүмкін емес. Және кішкентай шіркейлер ұшып жүр, мына жерде барлығын көміп тастады ғой, содан ба деймін. Міне, қазір де ұшып жүр. Қызымды шағып тастады, беті ісіп кетті, дәрігерге бардық, антигистамин ішіңіздер деді,”- дейді қала тұрғыны Әйгерім Ибрагимова. 

Ал Астана әкімдігі маса мен шыбын-шіркейді мамыр айының басынан бері улап жатқандарын айтады. Тіпті бұл үшін бюджеттен биыл 600 млн теңге бөлінген. Оның 100 млн теңгесін жұмсап та үлгерген. 

“Негізінде түнгі уақытта жасайды, сағат 4-5-те. СЭС уақыты бар, қай уақытта жасайтынын, кісілердің көбі соны көрмейді, улау жасалды ма, жасалмады ма, сосын шағым жасайды,”- дейді ғылыми топ жетекшісі  Әнуарбек Сибатаев.

Мамандар қалада қансорғыш жәндіктердің көбейгеніне тасқын себеп дейді. Ал астаналықтардың маса деп жүргені маса емес екен.  

“Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видеодағы маса емес — ызылдауық. Олардың түрі ұқсас, бірақ ызылдауық адамды шақпайды. Ызыңдап, жүйкеге тиетіні рас. Сондықтан тұрғындар олардан қорықпасын,”- депті ғылыми қызметкерлер.  

Елорада дезинфекция жүргізетін компанияның өкілі үйлердің жертөлесі масаның нағыз ошағы дейді. Сондықтан ол жерлерді де улау керек. Ал онымен пәтер иелері кооперативтері айналысуы тиіс екен. 

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты