Армяндар Пашиняны құрысын, Бакуге берер жер жоқ дейді

16.06.2024, 13:06
228
Армяндар Пашиняны құрысын, Бакуге берер жер жоқ дейді ашық дереккөзден

Армяндар толқып жатыр.

Оппозицияның бастауымен көшеге шыққан халық Армения үкіметінің отставкаға кетуін талап етті. Оған себеп болған жайт – Армения мен Әзірбайжан арасындағы шекараны бекемдеу кезіндегі келісім. Мұнда Арменияға тақау тұрған кей аумақтар Әзірбайжан жағында қалып қойғаны.

Әрине, полиция адамдарды тоқтатуға тырысып бақты. 12 маусымда полиция кемінде 90 адамды ұстады. Сол күні кешке үкімет отырысы өтіп жатқан кездеорталық алаңға шыққандар парламент ғимараты маңындағы қоршауларды алып, ішке кіруге талпынды. Кейін полиция оларды күштеп тарата бастады. Ақпарат құралдарының мәліметінше, Еревандағы парламент ғимараты алдындағы алаңға бірнеше мың адам жиналған. Полицейлер наразыларға қарсы шулы жарқылдақ граната қолданған. Армения денсаулық сақтау министрлігі кемі 55 адам зардап шекті деп хабарлады.

Ол жақтағы наразылық бірнеше аптадан бері жалғасты. Жиналғандар премьер-министр Никол Пашинян мен оның үкіметі қызметін тоқтатсын деп талап қойды. Көшеге шыққандардың көпшілігі«Отан үшін Тавуш» деген ұйымды жақтаушылар. Біраз уақыт бұрын олар Армения премьер-министрі лауазымына осы «Отан үшін Тавуш» ұйымының көшбасшысы, Баграт Галстанян есімді архиепископты ұсынған. Ереванда наразылық жалғасып жатыр. Ереван шекарадағы бірнеше ауылды Бакудің бақылауына беруге келіскен. Тараптар делимитация туралы құжаттарға сәуірдің аяғында қол қойған. Тавуш деген аймақтағы төрт елді мекен екі ел армиясы позициялары арасындағы бейтарап аймақта орналасқан болатын. Сол аумақ Әзірбайжанға өтті. Бұған наразы болған оппозиция Әзербайжан қысымынан Ереван жаңа соғыс бастала ма деп қорқып, мұндай іске біржақты түрде барды деп есептейді. Сондықтан Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен оның үкіметінің ұстанымы оппозицияның ашу-ызасына тиген. Ал Армения тергеу комитеті ұсталған адамдардың үстінен «Жаппай тәртіпсіздік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Ереванда 12 маусымдағы митинг кезінде 101 адам зардап шекті, олардың арасында наразылар да, полицейлер де бар. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп, Арменияның радиосы хабарлады. Дәрігерлік көмек алған 85 адам ауруханадан шыққан, қалғаны ем алып жатыр. Зардап шеккендер жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат алған. Наразылық кезінде 18 полицей зардап шекті.

Әзірбайжанның бақылауына өткен төрт елді мекен  Газах деп аталатын ауданында орналасқан. Баку мен Ереван мұны қатынасты қалпына келтіру жолындағы қадамдар деп атады. Қол қойылған хаттамада Ереван мен Баку шекараның жекелеген аумақтары бойынша алдын ала келісімге келгені жазылған.

Әзербайжан мен Армения 1980 жылдың соңынан бері қақтығысып келді. Екі ел арасындағы қақтығыс 1994 жылы аяқталғанымен, шекара мен Таулы Қарабақ мәселесі шешілмей қалған. Әзербайжан аумағындағы Таулы Қарабақта көбіне армяндар тұрған, соғыс кезінде бұл аймақ Бакуден тәуелсіздігін жариялап алған.

Бұл аймақ үшін екі ел арасында 1994 жылдан кейін де бірнеше рет қақтығыс болды. 2020 жылы күздегі әскери қақтығыстан соң Әзербайжан Таулы Қарабақтың бір бөлігін қайтарып алған. Ал 2023 жылы толық бағындырды. Қарабақта тұратын 100 мыңнан аса армян Арменияға көшкен.

Никол Пашинян оңайлықпен жан бермейтін адам болса керек. Оған қазір ең керегі тыныштық. Ресеймен қарым-қатынасын едәуір бұзды, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан теріс қарады, жер кетсе кетсін, Әзірбайжан тыныш болса біз де тынышпыз деген ұстанымын байқатты. Пашинянның түпкі мақсатыБалтық жағалау елдері сияқты бәрінен безіп, бетті Еуропаға қарай түзеу болса керек. Осыны аңғартып та жүр. Оның өзі оппозициядан шығып, саясатта жетістікке жетті. Белгілі атышулы журналист болған. Кім біледі, айналасымен арадағы саясатта Арменияны мейлінше оқшаулап, мүлде жаңа саясатқа, жаңа бағытқа салғысы келетін болуы да мүмкін шығар. Ал бұл жолда Ресейдің де, Әзірбайжанның да кедергі болмауының қамын жасап жүрген адам сияқты әсер қалдырады.

Армения Беларусь республикасымен де араны суытып жатыр. Жақында Беларусь президенті Александр Лукашенко Бакуде болған еді. Ондағы сөзінде Лукашенко Әзірбайжанның Қарабақтағы соғысын «азаттық үшін соғыс» деп атады. Оның сөзінен кейін Армения басшылығы Лукашенкоға қитығып қалды. Беларусь елінің басшысына наразылық ретінде Арменияның сол елдегі елшісін кері шақырып алды. Мұнысымен бұл елмен қатынасты үземін дегенді аңғартқысы келеді. Негізі Лукашенконың сөзін елемеушілер әлемде баршылық. Оны ашықауыз, сөзінің пәтуасы жоқ, икемделгіш және ертеңгі күні айтқанынан тайқып кететін адам деп қабылдайтындар бар. Бірақ Лукашенконың сөзі Пашинянға арқадан пышақ салғандай әсер етті. Оның сөзін жеңіл қабылдап, мән бермеуге шамасы келмеді. Қитығып қалуы содан. Сол сөзден кейін Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелігін толық тоқтататынын білдіріп безініп шыға келді. Ал бұған дейін Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелігін тоқтата тұрған болатын. Ал мамырдың басында Ереван бұл ұйымның қызметіне қаржы бермейтінін мәлімдеген. Пашинян бұл ұйымды көзбояушы, аузымен көпіре беретін құрылым деп есептейтінін аңғартқан.

Сөзінде «Ұйым мүшелері Арменияға Әзербайжанмен соғыста көмектесуге ештеңе істемеді, керісінше, Бакуге оны жоспарлауға көмектесіп, жеңіске жетуді қалады», – деп салды. Пашинян: «Беларусь ұйымнан шықса немесе Лукашенко кешірім сұраса, Ереван Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұймына байланысты өзініңұстанымын өзгертуі мүмкін», – дегенді қосып айтты.

Ал Ереванда оппозиция митингі жалғасып жатыр. Наразылар Армения парламенті ғимараты алдына палаткаларын орнатып алған. Олар Пашинянды Әзербайжанмен арадағы шекара келісіміне байланысты ұлттық мүддені сатты деп айыптап жатыр.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. Бұл ұйым өз тарихында бір рет – 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға бірлескен әскер жіберген.

Қысқасы, Армения ахуал алмағайып. Оппозиция биліктің өз жұмысын тоқтатуына қол жеткізуі де ғажап емес. Сол сияқты, Пашинянның мұртын балта шаппауы да ықтимал.

СҚО-да былтыр 46 жасөспірім қыз босанса, 14-і жасанды түсік жасатқан Әнші Ерке Есмахан 7 айлық ұлы Исламмен түскен фотоларын жариялады Оралда оқ жарақатын алған полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр Ауыл шаруашылығы министрі киік санын реттеуге қатысты пікір білдірді Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаның» сатып алуындағы ел ішіндегі мүмкіндіктер үлесін арттыруды тапсырды Өзімді әлі кешірмеймін: Медеу Арынбаев өміріндегі өкінішін айтты Грекиядағы өрт: Ұсталғандардың арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ Сүт саласын субсидиялау тетіктерін қайта қарау керек — депутат Қазақстанда салықтар мен міндетті төлемдердің саны қысқарады Газадағы емханаға жасалған шабуылдан дәрігерлер қаза тапты Дауысым жуандап қалды: Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы сыр берді Күйеу – сенің екінші Құдайың: Қуат Хамитов қыздарға ақыл айтты «Жігіт Алматыға келді»: Балжан Бидаш Ұлан Қонысбаев туралы айтты Мемлекет басшысы Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу сатысында бақ сынайды «Мен Құдайдың қызымын»: Дариға Бадықова адамдарды үш топқа бөлетінін айтты Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесі азайды Дауысым жуандап қалды: Мөлдір Әуелбекованың денсаулығы сыр берді Қазақстандағы орташа зейнетақы — 132 мың теңге Түркістан облысында желіде мектеп директорына жала жапқан әйелге 450 мың теңге айыппұл салынды