«22 млн теңге»: Семей маңында құны пәтермен бірдей дәретхана әлі жұмыс істемей тұр

19.07.2024, 11:07
737
«22 млн теңге»: Семей маңында құны пәтермен бірдей дәретхана әлі жұмыс істемей тұр бейнежазбадан алынған кадр

Трассадағы 22 млн теңгенің VIP дәретханасы әлі жарамсыз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысындағы тас жол бойына дәретхана салынды. Алайда әлі іске қосылмаған нысан қазірдің өзінде қирап тұр. Бұл туралы KTK телеарнасы мәлімдеді. 

Телеарна хабарлауынша, Семей маңында құны пәтер бағасымен бірдей бос тұрған әжетхана бар. Ол былтыр тас жолға орнатылды, бірақ нысан әлі жұмыс істемей, құлай бастаған. Телеарна дәретханаға келушілердің бірінің видеосын бөлісіп, оның әлі жұмыс істемейтінін көрсетті.

"Абай облысында 22 миллионға қоғамдық дәретхана салынды, жұмысшылар бар, бірақ дәретхананың өзі жұмыс істемейді", - дейді видео авторы. 

Тұрғындар мен қоғам белсенділері жол бойындағы дәретхананың бағасын қаладағы жайлы пәтермен салыстыруға болады деген ойда. Шенеуніктер болса туристер мен тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін тырысқанын айтады. Олар бірден екі модульдік нысан орнатып мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасаған. Вандализмге қарсы дәретханалар мен раковиналар, бейнебақылау камералары, жылыту, кондиционер және сумен қамтамасыз етілді. 

Алайда мұның бәрі әлі іске қосылған жоқ. Бұл жағдайға Абай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Нұрланқызы түсініктеме берді.

"Бүгінгі күні модульдік нысан қосымша дайындық жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемей тұр, нысан пайдалануға берілгенге дейін мердігердің бақылауында", - деді Нұрланқызы.

«Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады