329

Семейде үйлердің маңынан ер адамның мәйіті табылды

Оқиға 11 қарашада күндіз болған, полиция өлімнің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Семейде үйлердің маңынан ер адамның мәйіті табылды
Daria Kulkova / Getty Images/iStockphoto

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысының Семей қаласында Шоқан Уәлиханов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 қарашада сағат 13:53 шамасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, 60 жастағы ер адам биіктіктен құлап, көз жұмған.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді ведомство редакцияға.

Полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын хабарлады. 

Материал авторы