859

Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды: Песков шешімнің себебін түсіндірді

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ұйым мүшелері Арменияға қатысты осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды: Песков шешімнің себебін түсіндірді
Игорь Коваленко / EPA / ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер Арменияны ұйым аясында дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдады. Енді республика өз өкілдерін ҰҚШҰ-ның жауапты қызметтеріне де тағайындай алмайды. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.  

Песковтің айтуынша, бұл мәселе ұйым аясында талқыланып, Арменияның бірнеше жылдан бері өз міндеттемелерін орындамағаны ескерілген.

«Армения бірнеше жылдан бері өз міндеттемелерін орындамағандықтан, ұйым жарғысын басшылыққа ала отырып, оған дауыс беру құқығынан айыру, сондай-ақ ҰҚШҰ-дағы жауапты қызметтерге өз өкілдерін тағайындау мүмкіндігін шектеу ұсынылды. Осы ұсыныс бойынша шешім қабылданды», – деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.

Бұған дейін, 11 қарашада өткен ұйым саммитінде Арменияның дауыс беру құқығынан айырылуы мүмкін екені айтылған еді.

Сондай-ақ Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян ҰҚШҰ-ның бұрынғы бас хатшысының республиканы ұйымнан шығару туралы ұсынысына пікір білдірген болатын.

Ал Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұған дейін елдің Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚШҰ құрамынан шығуы мүмкін екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, Армения Еуропалық одаққа кіру туралы өтініш беруді көздеп отыр. 

Материал авторы