327

Алматыда екі ер адам интим қызметі үшін ақша алған қызға шағымданды

Екі азамат интернеттегі хабарландыру арқылы қызбен кездесуге келіскен, алайда ол алдын ала төлемді алғаннан кейін қонақүйге оралмаған.

Алматыда екі ер адам интим қызметі үшін ақша алған қызға шағымданды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының Алатау ауданында екі ер адам интернет арқылы танысқан қызға қатысты полицияға арызданған. Олардың айтуынша, бойжеткен интимдік қызмет көрсетуге келіскенімен, алдын ала алған ақшасынан кейін белгіленген кездесуге қайта оралмаған. 

Ер адамдардың сөзінше, олар интернеттен интимдік қызмет ұсынатын хабарландыру тауып, қызбен кездесуге уағдаласқан. Кездесу қаланың бір қонақүйінде өткен.

Полицияның мәліметінше, қыз келісілген ақшаны алған соң, аз уақытқа шығып келетінін айтып, ер адамдардан күте тұруды сұраған. Алайда кейін қайтып келмеген.

Осыдан соң екі азамат қызды өз бетінше іздей бастаған. Біраз уақыттан кейін оны шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тауып, полицияға жүгінген.

Оқиғаға қатысы бар барлық адам аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Қазір тәртіп сақшылары болған жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Материал авторы