Жанар Байсеміз 17 жылдан соң анасымен қауышқан канадалық Жандосқа қымбат сыйлықтар берді (ВИДЕО)

20.07.2024, 15:41
4207
Жанар Байсеміз 17 жылдан соң анасымен қауышқан канадалық Жандосқа қымбат сыйлықтар берді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ақтаудағы анасы және бауырларымен кездесуге келген Жандос Райанға журналист бағалы сый тарту етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, канадалықтардың қолында өскен Жандос ақтаулық анасын тауып, бауырларымен кездесу үшін Қазақстанға келген еді. 

Басқа елде өскен Жандосты 10 айлығында Торонтода тұратын шетелдік отбасы асырып алған болатын. Олар ер жеткен ұлдарының қалауына қарсы шықпай, Қазақстанға алып келген. Ол 17 жылдан кейін ғана өз туған жеріне аяғын басып, анасымен тіпті бауырларымен қауышқан еді.

Отанына асырап алған ата-анасымен келген Жандосқа журналист бірнеше сыйлықтарды тарту етті.

«Араға 17 жыл салып, кіндік қаны тамған атамекеніне келген Жандосқа бағалы сыйлықтар жасадық. Ұлттық қолөнер бұйымдарын насихаттау, қазақ суретшілерін әспеттеу деген миссияларды да қоса атқарып жүргенімді білесіздер ғой.

Канадада жүрсе де Қазақстан жақын көрінсін, көрген сайын елі, жері барын білсін, деген ниетпен Жандос пен оның ата-анасына сый-сыяпат жасадық. Сұлтан Тілек мырзаның тақиясын кигіздік, ұлттық нақышта теріден жасалған бұйымдар бердік.

Түркістандық қолөнер шебері Мереке ханымның қолынан шыққан киізге басылған сурет, Алматының символы - апортын, мамасына қолдан тігілген қоржын тарту еттік. Папасына қазақы тақия кигіздік. Және менің сүйікті суретшім, қылқалам шебері Әлия Мұратқызының “Көшпенділер” деп аталатын, құны 2000 $ тұратын ғаламат картинасын ұсындық.

Сөйтіп, канадалық қонақтарға қазақтың дархан пейілін, қонақжайлылығын, жомарттығын, кеңдігін, қасиеті мен қадірін паш етіп, мейірім мен махаббатқа және сүт қатқан күрең шайға тойдырып жібердік», - деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист Жандостың туған анасынан ажырап қалуына не түрткі болғанын бағдарламада ашып айтатынын жеткізді.

Бұған дейін Жандос Райанның ақтаулық туған анасы және бауырларымен кездескені туралы жазған едік.

«4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады Трамптың баж салығының кесірінен Apple енді әлемдегі ең қымбат компания емес Ақтауда көшеде жартылай жалаңаш жүрген ер адам тұрғындардың ашуына тиді (ВИДЕО) Абай облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді таба алмай жатыр Астанада «Қазақ күшінің картасы» жобасы басталды Алматыда күзетшіні аяусыз өлтірген бұрынғы депутаттың ұлы 22 жылға сотталды «Мекке де жоқ, ақша да жоқ!»: Балғынбек Имашовтың ұлы ұсталды Атырау облысында Құлсарыдан 120 шақырым қашықтықта жер сілкінді Бүгін Республиканың басым бөлігінде жауын жауады «Қатты ренжітіп алдым…»: Айгүл Иманбаева әріптесі Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады Қазақ жігіт әйгілі футболшы Роналдиньоға шапан жапты «Халықты әбігерге салғанша, банктерді қысайық» – депутат Ермұрат Бәпи «Louis Vuitton, Prada»: Қарақат Әбілдина туған күніне келген өте қымбат сыйлықтарды көрсетті «Үй жанындағы» дүкен иелеріне жаңа салықтан қорқудың қажеті жоқ – Ұлттық экономика министрі Енді байларға да «сән-салтанат салығы» салынатын болады