«Негативке толы болды»: басы дауға қалған Азамат Сатыбалды бейнеүндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
20.07.2024, 16:40
1763
«Негативке толы болды»: басы дауға қалған Азамат Сатыбалды бейнеүндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

Ол аниматорлардың дауына қатысты мақала шығатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Азамат Сатыбалды үндеу жасады.

Алматыда жеті айдан бері жалақы ала алмай жүрміз деген аниматорлар "Қазақфильм" басшылығына наразылыққа шыққан еді. Олар бес жыл бұрын дайындығы басталған "Алтын адам" анимациялық фильмі толық аяқталғанымен киностудия тиісті төлем жасамағанын айтты. Анимация бөлімінің бас редакторы Ерлан Төлеутай бастаған топ Азамат Сатыбалдыға талаптар қойған еді.

Аталған жайттан соң Қазақфильм президенті Азамат Сатыбалды жағдайдың мән-жайы туралы мақала жариялайтынын айтты. Кейіннен ол Instagram парақшасының Stories бөлімінде бейнеүндеу жасады.

«Ассалаумағалейкүм! 

Енді осы апта сәл қиындау болды. Негативке толы болды. Аллаға шүкір! Бұл да бір сынақ қой. Өтеді. Ең бастысы аманбыз. 

«Бізді өлтірмейтін нәрсенің бәрі — бізді мықтырақ ете түседі». Әрі қарай жүре береміз. Жұмыс істейміз. Бәріңізді құшақтадым. Аман болыңыздар!», - деді ол.

Сондай-ақ бейнежазбаның астына «Бүлінгеннен бүлдірген алма». Қазақтан асырып кім айтқан. Керемет!» деп жазды ол.

Бұған дейін Азамат Сатыбалды Қазақфильмге тиесілі бос тұрған ғимаратты жалға бергені үшін әріптестерінің сынына қалған еді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды