Алматы облысында ер адам итті көліктің артына байлап, сүйреген (ВИДЕО)
Желіде ер адамның итті көліктің артына байлап, сүйреген видеосы тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға Алматы облысында болған.
Қазір қаскөй ұсталып, бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
"Жедел іздестіру шаралары барысында Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстады және полицияға жеткізді. Қазір ұсталған азаматтың үстінен жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ер адам итті көпқабатты үйдің кіреберісінде бауыздағаны туралы жазған едік.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор