Жамбыл облысында мұғалімдер «Томирис патшайыммен» кездесуге 4 мың теңгеден ақша жинаған

Аиса Махамбет Редактор
04.09.2024, 12:09
1100
Жамбыл облысында мұғалімдер «Томирис патшайыммен» кездесуге 4 мың теңгеден ақша жинаған бейнежазбадан алынған кадр

Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарының "Томирис ханшайым" болып киінген әйелді салтанатты түрде қарсы алған видеосы қазақстандықтарды ашуландырды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видеоны жергілікті журналист Мадияр Ералыұлы өзінің желідегі парақшасында бөлісіп, мәселенің мән-жайы туралы жазба жариялады. Журналистің айтуынша, “Томирис ханшайымның” киімін киген әйел Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылының тумасы Гүлсара Суазқызы екен. Әйел өзін денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мишель Нострадамус атындағы проскопия ғылымдарының академигі деп таныстырған.

Белгісіз әйелді салтанатты қарсы алу шарасын кім ұйымдастырғаны да белгісіз. Бір ақпаратта әкімдік ұйымдастырған делінсе, енді бірінде мектеп басшылығы арнайы шақырған деген ақпарат бар. 

“Гүлсара Суазқызының ауылға арнайы келетінін маған мектеп директоры Эльмира Зәкімбаева хабарлады. Директордың айтуынша ол кісінің мектепке Алматыдан арнайы алып келе жатқан қайырымдылығы бар деді. Содан мен аудан орталығына хабарластым. Мен өзім көрмеген кісім, бірақ мектепке деген қайырымдылық іс-әрекеттері бар екенін айттым. Аудан басшылығы өздерің біліңдер, бірақ мәселе туындап жүрмесін деп ескертті”, – дейді Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Смат. 

Гүлсара Суазқызымен кездесу ауылдың мәдениет үйінде өткізілген. 

“Гүлсара Суазқызы жалғыз емес, қасында бірнеше адамдар журналистер мен қатар әншілерде бар деген соң біз ауылдық мәдениет үйінде концерт ұйымдастырайық деп шештік. Бар болғаны сол. Ал ол кісінің көйлегінің етегін ұстап жүрген мектеп оқушыларына біздің еш қатысымыз жоқ”, – дейді әкім.

Ауыл мектебінің басшылығы да кездесуді мектеп ұйымдастырмағанын атап өтті. Алайда әйелді қарсы алу үшін мұғалімдерден ақша жиналғанын растады. 

“Бұл іс-шараны ұйымдастырған мектеп емес. Бұны ұйымдастырған аудандық ішкі саясат бөлімі. Бізге яғни, мектепке 100 киім-кешек береді, "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілік жасайды деп шақырған соң біз де бардық сол іс-шараға. Біз ол кісінің тәуіп пе, бақсы ма деп түсіне алмадық. Гүлсара Суазқызының жеке мәліметіне зер салсақ сұмдық. Медицина ғылымының докторы, академик дейді. Ауылдың қызы болса да ол кісі туралы толық білмейміз. Қасында жүрген журналистер мен блогерлердің айтуынша Алматыда маскүнемдер мен нашақорларды емдейтін емші болып шықты. Мектепке деп берген киім-кешектері ескі-құсқы, иістеніп кеткен көйлектер болып шықты. Оны біз ауылдың мешітіне қайтарып жібердік, олар қайтадан бізге беріп жіберді. Ешкімге қажеті жоқ компьютер, сынған картина, ескі-құсқы ойыншықтар берген. Мұғалімдер ақша жиналғаны рас. Мектепке көмектеседі деген соң өз еркімізбен ерікті түрде жинап бердік.”, – дейді мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Айбек Сайлаубаев.

Мектеп басшылығы “Томиристің” көйлегінің етегін ұстап жүрген оқушыларға қатысты да түсініктеме берді. 

“Мәдениет үйінің алдында ол кісіні салтанатты түрде арнайы күтіп алды. Әлгі кісі көліктен түсіп, ұзын көйлегін сүйретіп келе жатқан кезде сол жердегі жиналған жұртшылықтын ішіндегі біреуі оқушыларға көйлегін ұстаңдар десе керек, бала ғой олар, үлкеннің айтқан тілін алып, көйлегін көтеріп жүрген”, – дейді мектеп директорының орынбасары.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады