«Баласын құтқарамын деп әкесі мен көршісі түскен»: Алматы облысында кәріз құдығында көз жұмған үш адамның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

Аиса Махамбет Редактор
18.09.2024, 14:30
1087
«Баласын құтқарамын деп әкесі мен көршісі түскен»: Алматы облысында кәріз құдығында көз жұмған үш адамның өліміне қатысты жаңа деректер айтылды бейнежазбадан алынған кадр

Алматы облысы Кеген ауданында құбырға түскен үш бірдей адам қаза тапты. Деректерге сүйенсек бір отбасында әкесі мен 15 жастағы баласы үйінде су тоқтап қалған соң көршісін ертіп алып құбырды тексермек болған. Алайда түскеннен соң үшеуі де қайта шыға алмай қалған. Марқұмдардың туыстары құбыр құрылысын дұрыс жүргізбеген басшылықты кінәлауда. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұмдардың туыстары бұл жайтқа асфальт төсеу кезінде коммуналдық желінің дұрыс орнатылуын қадағаламаған жергілікті әкімдікті кінәләп отыр.

“Бірінші інімді алып шықты. Қарасақ, денесі суып кеткен. Бірінші көмектен кейін құсып жіберіп, көзін ашты, болды. "Жүріп кеткен" деді. Одан кейін Серік деген ағаны шығарды. Үшіншісінде, түбіне жете алмай, су болып тұр іші. Өрт сөндірушілер суды сорғызып, баланы шығарып алды. Ол кезде бала көгеріп кеткен”, – деді марқұмның туысы Дина Айтбаева. 

Оқиға кешқұрым уақытта болған. Басында құдықты бір қарап шығуға 15 жастағы жасөспірім түсіп, талып қалған. Әкесі құтқаруға ұмтылғанымен, кері шыға алмай, ес-түссіз құлаған. Артынан 56 жастағы көршісі түсіп, ол да шыға алмаған.

Туыстарының айтуынша құдықтың беті көлік жүретін жолдан бір қарыс төмен орналасқан. Топырақпен көміліп жатқанына бір айдан асыпты. Бітеу тұрып, ауа айналымы жүрмегенліктен, ішінде улы газ пайда болуы мүмкін.

“Су жүргізілгеннен кейін жол салынған кезде технология бойынша құдықтың беті көтеріліп тұру керек. Жол салған мердігер көтеріп, асфальтпен бірдей жасап кету керек болатын. Тұрғындар құдықтың бетін ашып қойған. Соңғы бір жарым айда Кеген ауылында дренажды канал дүргізілді. Сол кезде құдықтың бетін өздерінің топырағымен бекітіп кеткен”, -деді марқұмның туысы Мақпал Шадан.

Туыстарының айтуынша, үшеуінің өліміне қатысты екінші болжам құдықтың ішінде тоқ ұруы мүмкін. Ал шенеуніктер “ескертсе, өзіміз ақ тексеретін едік” деп жауап берді. Қазір құдықты ретке келтіруге адам өлімінен кейін ғана кіріскен.

“2020-2021 жылдары жолды қабылдап алған кісі қазір Ақтөбе облысында кәріз бекетінде екі жұмысшы тұншығып өлдіқызметте жоқ. Не себепті дәл судың үстіне жол салып өткенін айта алмаймын. Мынаның бетін көтереді. Уді жұмыстарын жасайды. Көліктер өте алатындай етіп жасаймыз”, – деді Кеген ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жасұлан Кәділ. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады