«4 сағатқа сұранып жұмыстан шығарылған»: Қазақстандық көпбалалы ана бастығын сотқа берді

29.09.2024, 17:16
753
«4 сағатқа сұранып жұмыстан шығарылған»: Қазақстандық көпбалалы ана бастығын сотқа берді stock.adobe.com

Ақмола облысында 4 сағатқа сұранып, орнына әріптесін қалдырған көпбалалы ана жұмыстан шығарылған. Әйел сотқа жүгініп бастығынан 900 мың теңгеге жуық өтемақы алып, жұмыс орнында қалатын болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы көп балалы ананың жұмыстан босату, жұмысқа қайта қабылдау бойынша азаматтық істі қарады.

Деректерге сүйенсек көп балалы ана 2023 жылдың қыркүйегінен бастап дүкенде аға кассир болып жұмыс істеген. 2024 жылдың 4 наурызында ол директордан сұранып, орнына әріптесін қалдырып төрт сағат бойы жұмыс орнында болмаған.

"Бірақ дүкен директоры А. - ның жұмыста болмағаны туралы акт жасап, түсініктеме сұрап, оны жұмыстан босату туралы бұйрық шығарды. Сот А. - ны жұмыстан шығару келесі негіздер бойынша заңсыз деп таныды: А. Жұмыс орнында дәлелді себептермен болмаған. Басшылықтың рұқсатымен оның орнына әріптесі ауыстырылған. Жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаға негіз жоқ. Куәгерлер, дүкен қызметкерлері А. дүкен директорынан сұрағанын растады. Бұйрықта жұмыстан босатудың негізі көрсетілмеген. Тек еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармақшасына сілтеме жасалған жалпы сипаты бар",-делінген Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот көп балалы әйелдің талабын қанағаттандырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықты жарамсыз деп таныды. Әйел дүкеннің аға кассирі болып орнында қалды.

"А. пайдасына ЖШС-тен мәжбүрлі жұмыстан негізсіз шығарғаны үшін 895 520 теңге көлемінде ақы өндірілсін. Алқа қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Жұмысқа қайта оралу және жалақы төлеу туралы шешім дереу орындалсын",-делінген хабарламада. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды