753

«Атомтай мен Атомжан»: Қазақстанда Атом есімі бар 5 адам бар

Атомның ең кішісі 3 жаста.

«Атомтай мен Атомжан»: Қазақстанда Атом есімі бар 5 адам бар
Артем Чурсинов

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұрады. Ең кішісі 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста.

Бұл есім иелері Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

- Атомжан — 2 адам 
- Атомбек — 6 адам
- Атомвек — 2 адам
- Атомтай — 1 адам

Ескерте кететін жайт, аталған есім иелерінің 80%-ы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады. Бұл ретте, елімізде Референдум есімді адам жоқ.

Материал авторы