Ер адам өзгелермен дос болғаны үшін ақша алып, қалай тез байығанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
03.10.2024, 17:34
771
Ер адам өзгелермен дос болғаны үшін ақша алып, қалай тез байығанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Жапония тұрғыны Сэдзи Моримото жалғыз адамдарға дос болу қызметін сату арқылы байыды. Ол өзінің ерекше карьерасын қалай бастағанын айтып берді деп Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дрю Пинскиге берген сұхбатында достық қызметімен кәсіби айналысатын Сэдзи Моримото адамдармен уақыт өткізіп, ақша алатынын айтты.

Бір кездесуге 14 мың йен (шамамен 45 мың теңге) алады. 40 жастағы Моримотоның жылдық табысы шамамен – 11,4 миллион йен (шамамен 37 миллион теңге). Жұмыс істеген жылдары Моримото танымал болып, Токионың аңызына айналған. Ол сериал мен комикс серияларына шабыт берген. Сондай-ақ өзінің автобиографиялық кітабын жариялады.

Моримотоның айтуынша, клиенттерінің өтініштері тіпті оғаш көрінсе де, қызмет көрсетуден сирек бас тартады екен. Тек жыныстық қатынасқа түсу мен поп-музыка концерттеріне бару туралы сұраныстардан ғана бас тартатын көрінеді.

Моримото түрлі клиенттерге тап болғанын жеткізді. Айтуынша бірде оны әйел адам шақырып, көз алдында қағаз жей бастаған. Тағы бір әйел достық үшін ақы төлеп, кейін бірнеше сағат бойы күйеуінің танысу сайттарындағы жасырын профилін іздеген. Ал Моримото оларға жай қарап отырған.

Моримото ағылшынша сөйлей алмайды, бірақ кейде британиялық және америкалық туристер оны жалдап, олардың сөздерін түсінетіндей болып көрінуін сұрайды екен.

Жапонияда Моримотоны үлгі тұтқан адамдар пайда болды. Бірақ олардың ешқайсысы оның жетістігіне жете алмады. Моримото кәсіби дос және ұяң, интроверт адам. Ол айқын харизмаға ие, бірақ сөйлесуге тақырыпты бірінші бастамайды. 

Моримотоның қызметтері мазасыздық пен әлеуметтік оқшауланудан зардап шегетін жалғыз адамдар үшін өте маңызды. Себебі Жапонияда мұндай хәлде жүргендер көп. 

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды