Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында тізерлеп, қазақ елінен кешірім сұрады

Аиса Махамбет Редактор
05.10.2024, 14:55
1349
Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер ақынның ескерткіші алдында тізерлеп, қазақ елінен кешірім сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Блогер ақымақтық жасағанын мойындап, парақшаларын өшіретін болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізген блогер Әлішер Теменов жасаған қателігі үшін ақынның ескерткіші алдында тізерлеп, барша қазақ елінен кешірім сұрады. 

Блогер бұл сәттің видеосын Instagram-дағы Stories-те жариялады. 

Жастықтың, 25-тің буы да бар. Өзімді қойшы, әйелім, 4 айлық қызым барын да ұмытыппын. Кешегі жасаған қателігім үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын,-деп жазды ол. 

Бұдан өзге блогер ақымақтық жасағанын мойындап, Instagram, TikTok парақшаларын өшіретінін алға тартқан.

Еске салсақ, бұған дейін өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов желі парақшасында Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, видео жариялаған еді. 

"Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (боқауыз сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой. “Банкет жасап берер едім өзім-ақ, тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай” дейді. Причем тут, құдай? Сенің туған күніңде үстеліңнің жайылып тұрғаны құдайға байланысты ма? Өзің жаса! Еркексің ғой. Не үшін отырсың мына жерде? Отаныңды қорғайсың – еркексің, әулетіңді қорғайсың – еркексің. Әйеліңді қорғайсың – еркексің. Үкіметтен үйді қашан береді деп күтіп отырсаң, онда сен еркек емессің, – деген болатын блогер. 

Бірақ көптің ашуын тудырған видеоны автор көп ұзамай желі парақшасынан өшіріп тастады. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді