Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион референдумда дауыс берді
Бүгін Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион атанған Замзагүл Файзолланова референдумда дауыс берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заманауи спортта әйелдердің үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық дәстүрлерін сақтауы сирек кездесетін құбылыс. Бұл туралы Kazinform.kz жазды.
Зайсан ауданының тумасы Замзагүл Файзолланова – сондай қайсар тұлғалардың бірі.
Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері өз азаматтық белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмай, Жаңатұрмыс ауылындағы учаскеде өз дауысын берді.
Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері атанған бұл талантты спортшы, 100 жылдық мерейтойлық «Alash Pride» турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналған.
Материал авторы