«Сәбитпен ажырасып жатқан уақыт»: композитор Айгүл Иманбаеваның хит әніне қатысты құпияны ашты

Аиса Махамбет Редактор
08.10.2024, 15:51
1968
«Сәбитпен ажырасып жатқан уақыт»: композитор Айгүл Иманбаеваның хит әніне қатысты құпияны ашты жеке мұрағатынан

Айгүл Иманбаева ешкімге айтпаған іштегі сырын сазгерге жайып салған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айгүл Иманбаеваны әуелде әнші ретінде дүйім жұртқа танытқан – "Таңғы елес" әні. Бұл туындының шығу тарихына актрисаның алғашқы некесіндегі сәтсіздік себеп болған сыңайлы. Хитті жазған композитор бұрын-соңды еш жерде айтылмаған тың деректерді KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында бөлісті.

Көпшілікке кеңінен тараған "Таңғы елес" әнінің авторы – белгілі композитор Бауыржан Есебаев, ал бұл туындыны халық арасында хит қылған – Айгүл Иманбаева. Әнші мен сазгердің таныстығы ән өңдеу студиясында басталған екен. 

"2004 жылы Айгүл Иманбаевамен танысқан кезім еді. Қателеспесем композитор Бағлан Омаровтың студиясында жолықтым. Ол сол кезде "Шарайна" деген әнді студияда өңдеп, жұмыс қызып жатыр екен. Бағлан Омаров – менің ұстазым ғой. Сол сәтте мен "Бағлан аға, әннің мына жерін былай өзгертсек қалай?" деп қалдым. Әлгі әннің мен айтқан жерін өзгертті де, "Мәссаған, мына ән тіпті тамаша шықты ғой" деп қатты қуанып кетті. Сол кезде Айгүл: "Аға, сіз кім боласыз?", - деді маған. Бағлан Омаров деген ұстазымның көзінше "мен композитормын" деп айтуға ұялып отыр едім. Бағлан ағам мені таныстырды, жас композитор екенімді айтты. Содан кейін Бағлан ағам бір жұмыстарымен сыртқа шығып кетті, біз Айгүл екеуміз оңаша қалдық", - дейді Бауыржан Есебаев. 

Сол уақытта отандық шоу бизнеске енді қадам басуды жоспарлап жүрген қос өнерпаз жақынырақ танысып, өзара шығармашылық байланыс орнатуды жөн көреді.

"Сол кезде Айгүл маған сырын ашты, қатты қиналып жүрген кезі екен. Жеке өмірінде күйзеліс болып жатқан. "Аға, маған бір ән беріңізші" деді. Содан ары ойланып, бері ойланып, бір әнді жазып көрейін дедім. Ол кезде кәсіби тұрғыда ән жазып жүрген жоқпын, әйтеуір ауылдан келген кезіміз, ән жазатынымыз бар. Әндерімді әншілер айтса екен деп жүрген кез ғой. Содан кейін ойланып, толғанып, бұрынғы баянсыз махаббатты бастан өткерген кезімді еске алып, ұйықтап кетіппін. Таңертең қуанып оянсам, ҚазҰУ-дың жатақханасында жатыр екенмін, барлығы елес боп шықты. Бірақ керемет түс көріппін. Сол кезде "Эх, барлығы да елес екен ғой" деп күрсіндім. Сол сәтте "Ей, таңғы елес, таңғы елес, бұл өмірде ештеңе де мәңгі емес" деген өлең жолдары ойыма орала кетті. Осы шағын ұйқасты әнге салып алдым", - дейді сазгер. 

"Таңғы елес" әнінің алғашқы ноталары дәл осылай басталғанымен, ары қарай хиттің туындауына актер Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның отбасындағы сәтсіз неке себеп болса керек...

"Содан кейін Айгүлдің өмірінен өзі айтқан әңгімелерін өлеңге қосып, "Таңғы елес" деген әнді Айгүл Иманбаеваға бердім. Ол кезде Айгүл Иманбаева Сәбитпен ажырасып жатқан кезі. Ел "Таңғы елес" әнін Айгүлдің өмірі деп қабылдады. Расында мен Айгүл Иманбаеваның өмірін жазып бердім ғой. Бірақ Айгүл ұялды ма, бұл әннің маған қатысы жоқ деп өзі оны мойындамады. Анығында Айгүлдің сөзін, әңгімесін тыңдап, оның өмірін ән ретінде жазып бердім. Осылайша ән шықты, рақметін айтты, еңбекақымды берді. Содан кейін бұл әнді ән өңдеуші Бағлан Омаровқа бердік. Сол уақытта осы "Таңғы елес" әнін бір жігіт Айгүлмен дуэт айтқысы келді, бірақ айта алмады. Ол жігіттің аты-жөнін айта алмаймын, құпия боп қалсын. Кейін Айгүлдің өзі жеке айтып шықты, өзі хит қылды", - дейді ән авторы. 

Осы хит әннен кейін сазгер мен әншінің шығармалық тандемі әзірге тоқтап тұр, бірақ өнердегі әріптес ретінде қарым-қатынасы, сыйластығы нығая түскен. 

"Негізі жақсы ән болса, кез келген әнші орындауға дайын ғой. Мүмкін кінә менен шығар, жақсы ән бере алмай жатқан шығармын. Жақсы ән болса, Айгүл айтар еді. Айгүлмен араласып тұрамыз. Сәлеміміз түзу, өте жақсы сыйласамыз. Айгүлге қатты ризамын. Мысалы, ағайын-туыстың той-томалағы болады, сол кезде ән салуға шақырамын. "Бауыржан, маған ақшаңның керегі жоқ. Сен кезінде маған қалай көмектестің, маған сол жетеді" деп жақсылықты ұмытпай жүрген сол жалғыз Айгүл шығар деп ойлаймын", - деп өзін түйіндеді сазгер.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды