2164

Әйгілі «Тұмарым» әнінің авторы Рамазан Елібаев ауыр дерттен қаза болды

Қаралы хабарды сазгердің балалары жеткізді.

Әйгілі «Тұмарым» әнінің авторы Рамазан Елібаев ауыр дерттен қаза болды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүние салды. 

Рамазан Қабдолдаұлы Елібаев 1947 жылы 4 тамызда Қатонқарағай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. "Гүлдер", "Алматы әуендері" ансамбльдерінің негізін қалаушылардың бірі. "Гүлдер" ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты атанған.

Оның "Тұмарым", "Жаным-ау", "Не пайда?", "Көздер-ай", "Жас ұлан" т.б. әндері ел ішінде кең танылған.

Композитор он бес жылдан бері ауыр дертпен күресіп келген. Осыдан бір жыл бұрын композитордың жақындары көпшіліктен көмек сұраған еді. Ол 3-дәрежелі "паркинсон" дертіне шалдыққанын айтып, миға жасалатын ота үшін қаржы жинап жүргенін айтқан.

Марқұм Рамазан Елібаевтың жаназасы 13 қазанда Астанада шығарылады.

Материал авторы