«Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды»: «Хутор» басшысы деп танылған Хасанның анасы мен әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

Аиса Махамбет Редактор
04.11.2024, 18:01
4458
«Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды»: «Хутор» басшысы деп танылған Хасанның анасы мен әйелі Тоқаевтан көмек сұрады бейнежазбадан алынған кадр

Хасанның анасы мен әйелі әділдік сұрап, үндеу жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда ұсталған Хасанның туыстары оның кінәсіз екенін айтып, президентіне бейне үндеу жариялады. Айтуларынша Хасан Қасымбаев ешкімге зиян тигізбеген адам.

Хасанның анасы мен жұбайы қылмыстық істі тергеу барысында объективтілікті талап етті.

“Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы сізге үндеу жариялаймын! Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, өз қарамағыңызға алуыңызды сұраймын. Менің баламды жазықсыздан жазықсыз қаралап отыр. Ешқандай кінәсі жоқ, соны дәлелдеп берсін! Департамент басшыларынан жауап күтемін. Сол үшін осы жерге келіп отырмын! Жау шабатын болса, Хасан бірінші ұстап тұрады. Ел үшін, жер үшін...”, – деді Хасан Қасымбаевтың анасы. 

“Ол мал шаруашылығымен айналысады. Кішігірім бетон шығаратын зауыты бар. Ол туралы ақпарат жалған. Біреу айтты, қалғандарының бәрі соны қолдап тұр. Оны шынымен танитын адамдарға барыңыздар! Қандай адам екенін сұраңыздар! Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды. Ол үш баланы тәрбиелеп отыр. Ал балаларына қалай психологиялық соққы тиіп жатыр?”- деді жұбайы. 

Еске салсақ, "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін Бас прокуратура қамаудың себебін айтты. Қасымбаев ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді