992

Елисейдің төрінде Димаш Құдайберген «Дайдидауды» шырқады

Франция президенті Макронның Елисей сарайында өткізген мемлекеттік қабылдауында Димаш ән шырқады.

Елисейдің төрінде Димаш Құдайберген «Дайдидауды» шырқады
dimashnews

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, кеше ғана Франция президенті Эмманюэль Макрон Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізді. 

Салтанатты жиынға мемлекет басшысы жалғыз бармағанын жазған едік. Тоқаевпен бірге қабылдауға Халық әртісі Димаш Құдайберген, Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов және Париж паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтярев барған. 

Белгілі болғандай осы жиында Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті еткен. Бұл жаңалықты президенттің кеңесшісі Берік Уәли жеткізді.  

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция Президенті Эмманюэль Макрон кеше Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын.

Әлемге әйгілі әншіміз Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті етті. Димашымыздың Париж төрінде шырқаған екінші әні атақты «Дайдидау». 

Елисей сарайында қос Президенттің алдында орындаған екі әнін де мемлекеттік қабылдауға жиналған жұртшылық өте жылы қабылдады.Осы екі әннің видеосын жолдаған француздық әріптесім Анастасия Колосимоға айрықша рахметімді айтамын», — деп жазды Берік Уәли.

Материал авторы