1214

Таразда екі әйел адамды жалдамалы пәтерде өлтірген күдікті қолға түсті

Тергеліп жатқан күдікті бұрын істі болмаған.

Таразда екі әйел адамды жалдамалы пәтерде өлтірген күдікті қолға түсті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында екі адамды өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды.

Жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұрын ол сотталмаған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиға болған жалдамалы тұрғын үйдің иесі жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына рұқсат бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицияға көршілерден бұл пәтерге қатысты шағым түскен жоқ, – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жалдамалы пәтерден екі әйел өлі табылған болатын.

Материал авторы