808

Апелляциялық шағым: Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сот шешіміне келіспей отыр

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Бұл ақпаратты Алматы соты растап отыр.

Апелляциялық шағым: Дәулет Тұрлыхановтың ұлы сот шешіміне келіспей отыр
коллаж smartnews.kz

«Апелляциялық шағым түсті. Іс материалдары іс жүргізу мерзіміне байланыстыапелляциялық сотқа әлі жіберілген жоқ», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жазаны – бас бостандығын шектеуді «бас бостандығынан айырумен» ауыстыру туралы өтінішхатын негіз деп танып, оны 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырған еді. 

Материал авторы