Әлеуметтік желілердің әсері: квадроберлер мен зорлық-зомбылықты насихаттау

14.11.2024, 11:09
308
Әлеуметтік желілердің әсері: квадроберлер мен зорлық-зомбылықты насихаттау коллаж фотосурет / Бақытбек Алтынай

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер – көптеген адамдар үшін ақпарат алмасу мен қарым-қатынастың негізгі алаңына айналды. Алайда, бұл кеңістікте кейде қауіпті идеялар да таралады, олардың арасында квадроберлердің насихаты мен зорлық-зомбылыққа итермелейтін контент, хейт пен манипуляциялау ерекше алаңдаушылық туғызады. Бұл құбылыстар жасөспірімдер мен жастардың сана-сезіміне, мінез-құлқына, сондай-ақ, жалпы психикалық денсаулығына қалай әсер етеді? Әлеуметтік желілердегі мұндай мазмұн біздің қоғамға қандай қауіптер төндіреді?

Психолог Әділбай Ғазиза Маратқызы осы сұхбатта әлеуметтік желілердің жастарға әсері, қауіпті трендтер және осындай контенттің алдын алу жолдары туралы тереңірек айтып береді. Әлеуметтік желілердегі мәліметті саналы түрде қабылдау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бүгінде әрқайсымызға өзекті болып отыр.

- Әлеуметтік желілерде өзіңді басқа адамдармен салыстыру қаншалықты зиянды болуы мүмкін? Бұл психикалық денсаулыққа қалай әсер етеді және мұндай салыстырудан қалай аулақ болуға болады?

- Бірінші кезекте әлеуметтік желі деген бұл маркетологтардың жасап жатқан өзіндік сатылым жүйесінің айласы деуге болады. Көбіне әлеуметтік желі не үшін құрылады? Ол әрине бизнестің дамыту құралы. Қазір жасөспірімдер барлық нәрсені жүрекке жақын қабылдағандықтан оларға салыстырулар ауыр тиіпжатыр. Жастардан бөлек үлкендер де салыстырудан зардап шегіп жатыр. Мысалы гүл дүкендері сатылым үшін көптеген бейнежазбалар жасайды. Сол гүлдерді сыйға алып жатқан қыздарды көріп, басқалары қызығып, менде де осылай болса ғой деп қалайды.

Көптеген блогерлердің мінсіз өмірін бақылап соларға еліктейді. Бірақ ол өмірдің артында не болып жатқанын ешкім білмейді. Осылайша адамдар өздерін біреулермен салыстыра бастайды, яғни өз өмірін шетке ысырып қойып, өзге адамның өмірін сүріп бастайды. Кейін өткерген сәтсіздіктердің кесірінен дипрессияға ұшырап жатады. Бұл нәрседен аулақ болу үшін біріншіден кез келген адам әлеуметтік желінің тек құрал екенін түсінуі керек. Өзін аспаннан жерге қондыру әдісімен өмірінің кереметтерін бәрінен жоғары қоюы керек. Өзіңді біреумен салыстырғанда, ол адам белгілі бір жетістікке жетті ме, онда мен одан да жақсы жетістікке жете аламын деп ойлау керек. Өзгелердің жетістіктерінен тек мотивация алу керек.

- Әлеуметтік желілердің алаңдаушылық және депрессия симптомдарын күшейтетін қандай аспектілері бар? Бұл жағдайларға бейімді адамдарға әлеуметтік платформаларды пайдалануда қандай қауіпсіз тәсілдерді ұсынасыз?

- Алдымен адам өзіне график орнатуы керек. Қазір ұялы телефондардың жақсы жері, ол «экрандық уақыт» деген функция бар. Сол экрандық уақытты бақылап отыру керек. Әлеуметтік желілерге кетіретін уақытты біртіндеп азайтып, шектеп отыру керек. Көбірек таза ауада серуендеп, достармен кездесіп коммуникация орнату керек, немесе кітап оқып, маториканы дамытатын заттарға көңіл аудару керек. Ал телефонды тек жұмыс үшін, ақпарат алу үшін немесе байланыс үшін қолдану керек.

- Сіз клиенттер арасында әлеуметтік желілерге тәуелділік жағдайлары қаншалықты жиі кездесетініне куә болдыңыз?

- Менің клиенттерімнің арасында мұндай жағдай үш адамның бірінде кездеседі. Себебі мен көбінесе балалармен, жасөспірімдермен жұмыс жасаймын. Бұл кезде біз ата-ана мен мұғалімнің көмегіне жүгінеміз. Қазір еліміздің мектептерінде балаларды гаджеттерден шектеп жатыр, яғни сабақ басында телефондарын контейнерге жинап, сабақ соңында қайтарады. Ал үлкендерде қалай? Статистиканы қарасақ олар тиктокта көп отырады, бұл олардың мінездерінің өзгеруіне алып келеді. Адамдардың дипрессия күйінде, суидцидтік бейімділікпен бізге келу себебі ол жүйке жүйесінің тозуы. Жүйке жүйесін тоздыратын бірден бір құрал ол әлеуметтік желілер. 

- Жасөспірімдердің жануарларды, әсіресе иттерді қорлау пропагандасы Петропавл қаласында басталып, Атырау және Ақтөбе қалаларында жалғасты. Бұл жауыздықтың таралуына әлеуметтік желілер кінәлі ме?

- Бұл мәселеде тек әлеуметтік желілер кінәлі деп айта алмаймыз. Иә бұндай нәрсе болып жатыр, иә оны басқа жасөспірімдер көріпжатыр, еліктеп жасап жатыр. Бірақ оның түбінде осындай қадам жасауына не түрткі болғаны маңызды. Мүмкін ол отбасы жақтан агрессия көрді ме, әлде араласатын ортасынан аргессия көрді ме? Бұл оның психикалық ауытқуына алып келген себебтер болуы мүмкін. Бұл тек әлеуметтік желілердің кесірінен деп айта алмаймын.

- Әлеуметтік желілер СДВГ белгілерінің көрінісі мен күшеюіне қалай әсер етеді? Ұдайы қысқа видеолар, СДВГ синдромы бар адамдарда назар тапшылығы мен импульсивтілікті күшейте ала ма?

-  Әлеуметтік желілер импульсивтілікті қатты күшейтеді. СДВГ синдромына тек балалар емес, үлкендер де ұшырайды. Соңғы кезде адамдар қатты асығыс болып кеткен. Әр іс-әрекетін тезірек жасауға асығыс. Желілердегі тез монтаждалған контентті көру, адамдардың психикасына қатты әсер етеді. Жүйке жүйесін жұқартады, асығыстық пайда болады. Мысалы балалар кітапты оқиалмайды. Себебі миында тек тез жүріп жатқан видеолар қалып қояды да, кітапқа шыдамы жетпей қалады. Осы себептен жастар білемнен, ғылымнан алыстап жатыр. 

- Әлеуметтік желілерде шындықты манипуляциялау, мысалы, фотошоп жасау немесе контентті бұрмалау, жастардың психикалық денсаулығына қалай әсер етеді?

- Кері әсерін тигізеді деп ойлаймын. Мысалы қыз балаларда комплекс деген зат бар. Олар фотошоп арқылы денелерін арықтатады, беттеріне фильтр қояды. Бірақ шынайы өмірде өзін қабылдамайды. Әдемілік түсінігі бәрінде әртүрлі. Жасөспірім қыздардың арасында салыстырмалық еліктеу қабілетінің дамуының салдарынан өзін-өзі қабылдамайды, өздерін басқаша көрсетеді. Бұл кезде біз ата-аналарға үгіт-насихат айтуымыз керек. Балаға неге бұндай киім киесің, неге шашың алба-жұлба, неге бетіңе безеу шығып кетті деп айтпау керек. Керісінше қолдап, сен онсызда әдемісің, саған осылай жарасады деу керек.

- Әлеуметтік желілердегі квадроберлердің Қазақстандағы жастарға тигізер әсері қандай?

- Квадроберлердің тигізер әсері 50/50. Қазақстанның жастары болсын, басқа мемлекеттің жастары болсын, олардың бәрі бір. Үлкендерге қарағанда олардың милары басқаша жұмыс жасайды. Олар тек қазіргі сәтпен өмір сүреді. Өздерінің ортада қабылданып, трендте болуды қалайды. Осындай жаңа нәрселерге еліктеп, оны жасап көрмегенше жандары тынышталмайды. Осы кезде ата-анасы немесе достары демеу беріп жіберулері керек. Егерде балаға қабылдану сезімі келмесе, салдары жаман болуы мүмкін. Ең бастысы, балаға еркіндік бере білу керек. Бірақ ата-ана оның болашақта қандай кері әсер тигізетінін анық көрсете білу керек. Сол кезде бала осындай заттардың кері әсерін түсініп тұрса, бала дер кезінде өзіне шектеу қойып тоқтайды. Сондықтан бұл болу керек және шектелу керек, белгілі бір мөлшерде болуы керек.

- Әлеуметтік желілердің психикалық денсаулыққа жағымды әсерлері бар ма, мысалы, қолдау немесе пікірлес адамдарды табу жағынан?

- Әрине, бар. Өз басым әлеуметтік желілерді жақтайтын адаммын, олармен қолдану керек, бірақ белгілі бір мақсатпен. Мен әлеуметтік желілерден үлкен перспектива көремін. Өйткені олар адамдарға көптеген мүмкіндіктер ашты. Мысалы адам бір ғана онлайн қоңыраумен қаншама білім ала алады. Алыс жақтағы туысқандарымен, достарымен сөйлесе алады.

Айта кеткендей беделді кісілердің әлеуметтік желілерін қарай отыра өз өміріңді жақсы жаққа өзгерте аласың. Осындай плюстарды адам дұрыс қолданып, өз-өзіне анализ жасай отырып, өзіне шектеу қоя білсе, өзіне тек жақсы әсерін тигізеді. Маған әлеуметтік желілермен осынша қолданған жеткілікті, бүгіндікке болды деп шектеу қоя білуі керек. Сонымен қатар бұл жастарға үлкен мүмкіндік, даму үшін, түрлі контент түсіру, дағдылану және өмірге бейімделу үшін. Өзінің пікірлестерін табуға да жақсы мүмкіндік. 

Әлеуметтік желілердің қоғамға әсері күн өткен сайын күрделене түсуде. Бұл виртуалды кеңістіктердің пайдалы жақтары болғанымен, жастардың сана-сезіміне кері ықпал ететін қауіпті мазмұндар, әсіресе квадроберлер мен зорлық-зомбылықты насихаттау мәселелері назардан тыс қалмауы керек.

Психолог Әділбай Ғазиза Маратқызы өз ойымен бөлісе отырып, мұндай мазмұнның психикалық денсаулыққа әсері мен әлеуметке келтіретін залалын түсіндіре отырып, жастарды қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Қоғамның әрбір мүшесінің атсалысуы және саналы қолдану мәдениетін дамыту арқылы ғана біз әлеуметтік желілердің зиянын азайтып, жастардың виртуалды әлемде сауатты және қауіпсіз әрекет етуін қамтамасыз ете аламыз.

Психологтан жастар қауымына кеңес:

- Еліктеуіш болма, дамушы бол. Көзқарасыңды өзгерте біл, одан пайда ала біл. Кері шегінбей, тек алға жүруді ойла, және оны өзіңді даму мақсатында пайдалан. Сол кезде бұл саған үлкен нәтижелер алып келетініне мен сенемін!

 

МАТЕРИАЛ АВТОРЫ: БАҚЫТБЕК АЛТЫНАЙ

Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты «Жартылай жалаңаш»: Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды (ВИДЕО) «Бір жыл, екі ай төледім»: танымал блогер үйлену тойын несиеге жасаймын деп күйзеліске түсті (ВИДЕО) Джиу-джитсудан Әлем чемпионы Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» клубына қосылды ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды