«Маған арам дүние керек емес»: «Қазақ аруы-2024» жеңісін сатып алды дегендерге жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
16.11.2024, 16:18
1639
«Маған арам дүние керек емес»: «Қазақ аруы-2024» жеңісін сатып алды дегендерге жауап берді жеке мұрағатынан

Артымда тіреп тұрған көкем жоқ дейді жеңімпаз қыз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірер күн бұрын «Қазақ аруы-2024» атанған Ақкербез Ысқаққызы өз жеңісіне қатысты пікір білдірді. Қызылордалық бойжеткен өзін тәжді сатып алды деп сынап жатқандарға жауап берді. 

Ақкербез Ысқаққызы «Қазақ аруы» байқауындағы жеңісінен кейін ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Кейбір оқырмандар қызылордалық аруды байқауды сатып алды деп сынаған. Бойжеткен қарапайым отбасыдан шыққанын айтып, бұл жеңіс өзіне әділ келгенін жеткізді. 

«Қарапайым отбасыдан шыққан қызбын. Ата-анам кәсіпкер болып жұмыс істейді. Төрт бауырым бар. Мен үйдің ең кенжесімін. Отбасымызда екі жеңгем, барлығымыз бірге тұрамыз. Өте үлкен отбасымыз. 

Көп кісілер «екі келіннің басы бір үйге қалай сыйып жатыр» деп бізге таңғалады. Бұл менің отбасымның даналығы, тәрбие көргеніміз, ата-анамыздың мықтылығының арқасында қазір осындай жағдайға жетіп тұрмыз деп ойлаймын.

Менің асып-тасып бара жатқан ешкімім жоқ. Тіреп тұрған көкем жоқ. Көбі мен сатып алды деп сынап жатыр. Ондай сатып алынған арам дүние маған керек емес. Бұл жеңіс маған әділ келді» - деді Ақкербез Ысқаққызы.

Бұған дейін байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындаған продюсер Баян Мақсатқызы көп дауыс жинады деп хабарланған Ақкербез Ысқаққызының жеңісін жоққа шығарып, қайтадан жеңімпаз анықталатынын айтқан еді.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)