«Ауру қалса да, әдет қалмайды»: Студент кезде Перизат Қайрат жатақханада телефон ұрлап, оқудан шығарылған боп шықты (ВИДЕО)

16.11.2024, 11:11
1398
«Ауру қалса да, әдет қалмайды»: Студент кезде Перизат Қайрат жатақханада телефон ұрлап, оқудан шығарылған боп шықты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңге мен Палестинаға деп жиналған 200 млн теңгені жымқырған «қайырымды ару» студент кезден бастап-ақ алаяқ боп аты шыққаны рас па? Студент кезде Перизат Қайратпен бірге оқыған қыз шындықты айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бейтаныс бойжеткеннің видеосы Instagram желісіндегі abdulla_kz парақшасында жарияланды. Ол өзінің эстрада-цирк колледжінде Перизат Қайратпен бірге оқығанын алға тартты. 

– Сол кезде Ақтаудың колледжінен 2-курсқа Қасенғалиева Перизат деген қыз ауысып келді. Бір жарты жылға жетпейтін аз уақыт ішінде оның артынан жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көретіні туралы әңгіме тарайды. Ол қызды кейін тіпті оқудан шығарып жіберді. Кейде сол қыз қайда кетті екен деп ойлайтын едім, – деді ол.

Ару бұған дейін желіде тараған ақпаратқа тіптен мән бермегенін алға тартты. 

– Кейін ТикТоктан бір қайырымдылық қордың басшысы ұсталып жатыр екен деген ақпаратты көрдім. Бірақ мән беріп қараған жоқпын. Өткізіп жібердім. Кейін қараймын деп жүріп, ұмытып кетіппін. Бүгін менің мұғалімімнен хабарлама келді. 

«Мынау бізде оқыған Қасенғалиева Перизат пе?» деп сұрапты. Ашып қарасам дәл өзі екен. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп халық бекер айтпайды екен ғой. Студент кезінде сол ұрлығы үшін оқудан шығарып жіберіп еді, енді қазір бүкіл Қазақстан білетіндей ұсталып жатыр, – деп қорытты ол. 

Еске салсақ, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты. Ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды