«Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты

21.11.2024, 13:53
653
«Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты бейнежазбадан алынған кадр / threads.net/2498mzh

Қыздарымыз мәһр сұраймын деп бақыр киіп қалмауы керек деп ескертті имам.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде танылған имам мәһр мен қалыңмалдың арасын ажыратып, дәстүр мен дінді өзара шатыстырып жүрген жастарға пәтуа айтты. Мәселе туралы Нұрлан имамның пікірін inbusiness.kz сайты сұрап білген.

Нұрлан имамның айтуынша, неке қияр алдында күйеу жігіт қалыңдығына белгілі мөлшерде сый төлеуі керек.

Мәһр – неке қиғанда әйелге берілетін сый. Ол қалыңмал немесе мәһр деп аталса да әбестігі жоқ деп отыр.

«Біздің дана халқымыз некенің шарты болған қыз балаға берілетін сыйлық қыздың қарға бауы, алқа таққан, мұның бәрі қыздың жеке мүлкі болған, қыздың өзіне берілген. Кейбір жерде қыздың қалың малы деп те аталған. Немесе әке күші, ана сүті деген атпен де аталып жатады. Осының бәрі некедегі мәһрдің жолы болып табылады. Мәһрді мәһр деп атау шарт емес.

Қазір қалыңмал жүз мыңнан миллионға дейін барады. Осы берілген ақыға қыздың ата-анасы жиһаз-жабдығын алып береді. Енді қалыңмалды да, мәһрді де алам деу бейбастық, өз білгенімен кету, ата-баба салтын аттау. Сондықтан шариғаттың шартын бабаларымыз даналықпен орындаған. 

Қазір шариғаттың жолын емес, арабтардың салт-дәстүріне еліктеп, «арабтар бүйтеді екен, арабтар сүйтеді екен» деп айтатындар бар, біз араб емеспіз! Өзіміздің салт-дәстүріміз бар, соның аясында жасауымыз керек. Шариғатта талап еткен әлеуметтік сақтандыруын ата-бабамыз даналықпен орнын айшықтап тұрып орындаған. Күйеу жігіттің қызға беретін сыйы мәһр орнына жүреді. Қыздарымыз мәһр сұраймын деп бақыр киіп қалмауы керек», – дейді Нұрлан имам.

Еске сала кетейік, жақында ҚМДБ мәһр мен қалыңмал мәселесіне нүкте қойып, қорытынды бекіткені туралы жазған едік.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді