Сары уайымға салынған салымшылар: ММ Group басшысы не дейді?

25.11.2024, 14:05
857
Сары уайымға салынған салымшылар: ММ Group басшысы не дейді? smartnews.kz

Құрылысы басталған тұрғын үйге қаражат салып, армандаған баспанасына қол жеткізе алмай сандалып жүрген салымшылар аз емес.

Жасыратыны жоқ, көп жағдайда тұрғын үй компаниялары қарғыс естіп жатады. Алыстан мысал іздеп керек емес. Қазір MM Group компаниясының салымшылары байбалам салып, пәтерлерін ала алмай жүр.

Мәселенің мән-жайын түсіндіру үшін ММ Group басшысы Мөлдір Суюншали баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің де, салымшылардың да сауалдарына жауап берді.

«Салымшылар қаражатын салған үйдің құрылысын Астана әкімдігі заңсыз деп таныды. Құрылыс жұмыстарының мерзімі шегерілетіні туралы тұрғындарға ескертілді. Біз келісімшарттағы уәделерімізді орындаймыз. Салымшылар ақшасын қайтарып алғысы келсе,  бір тиынына дейін қайтаруға дайынбыз»,-деді Мөлдір Суюншали. 

Жиында қоғамда қызу талқыланып жатқан сәбиін тербетіп таксиші болған Әсел Омароваға қатысты мәселе де көтерілді. Елорда тұрғыны осыдан екі жыл бұрын "BIZ BIRGEMIZ" қорының атынан өзіне Перизат Қайрат хабарласып, әйелге пәтер берілетінін айтып, үміттендіріп қойғанын жеткізді. Бірақ, осы уақытқа дейін баспанасыз жүр.

«Әсел сияқты 20 адам қайырымдылық қорларымен жасалған жоба шеңберінде тегін баспана алу бақытына ие болған еді. Нақтыласақ,«Асылхан» тұрғын үй кешенінен пәтер берілетін болады. Пәтер кілті қолына тигенше, осы уақытқа дейін Әсел Омарованың жалдамалы пәтер ақысын төлеп келген едік. Ютуб-арнаға берген сұхбатынан кейін ондай көмектен бас тарттық. Жалпы, Әселден бөлек 4 адамға осындай қолдау көрсетіп келеміз»,-деді М.Суюншали.

Байқағанымыз, компания басшылығы өз уәделерін орындауға ниетті. Тұрғындармен диалог орнатудан да қашып отырған жоқ. Астана әкімдігі тарапынан жер мәселесі оң шешімін тапса, салымшылар көптен күткен баспанаға ие болары сөзсіз.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)