Жалған купюралар тарап жатыр: Ұлттық банк түпнұсқа мен жалған ақшаның айырмасын көрсетті (ФОТО)

30.11.2024, 10:21
726
Жалған купюралар тарап жатыр: Ұлттық банк түпнұсқа мен жалған ақшаның айырмасын көрсетті (ФОТО) nationalbank.kz

Әлеуметтік желіде жалған 5 мыңдық купюралардың видеосы тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі қолданушыларының айтуынша, жалған ақшаны түпнұсқадан ажырату қиын. осы жайтқа байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Аталған жағдайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі олардың таралу фактісін тексеру үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады. Осыған байланысты банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады, - қосты банк.

Сондай-ақ Ұлттық банк түпнұсқа банкноталарда көзбен көріп тексеру және жанасу кезінде оңай анықталатын бірқатар қорғаныш белгі бар екенін еске салады. Бұл белгілермен Ұлттық банктің ресми сайтында және Ұлттық банктің Youtube каналында танысуға болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды