Шырша құрамын деп жарақат алған мұғалімнің жағдай қалай?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департамент директоры Гүлнар Сәрсенбаева Семейді шырша құру кезінде жазатайым оқиғаға тап болған педагогтің жағдайын айтып берді.
«Бүгінде науқастың жағдайы жақсы. Жарақат алған күні операция жасалған. Қазір науқас есін жиды. Науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Одан кейін реабилитация жасап, қалыпты өмірге оралуына жағдай жасаймыз», - деді Гүлнар Сәрсенбаева.
Айта кетейік, Семей қаласында орталық алаңда шырша тұрғызуға жәрдемдескен мұғалім Қуат Айтқалиев биіктен құлап, ауыр жарақат алған-ды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагогты жұмысқа тартуды заң бұзушылық деп атады.
Материал авторы