Күйеуін «педофил» деп айыптаған блогер Құлпынай Қалменованың үстіне ата-аналар арыз жазған

16.01.2025, 12:14
1991
Күйеуін «педофил» деп айыптаған блогер Құлпынай Қалменованың үстіне ата-аналар арыз жазған бейнежазбадан алынған кадр

Балалар барбершобында жасайтын Қолғанат Жұмабаев 10 жасар қыздарға «ғашық боп қалдым, жаным» деп жазған хабарламаларды әйелі желіге таратқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, күйеуін педофил деп айыптаған қазақстандық блогер Құлпынай Қалменованың атына төрт арыз түскен. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бұған дейін хабарланғандай, бұл оқиға бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, аталған полиция бөліміне азаматша К-ға (жазбалардың авторы) қатысты, оның ішінде кәмелетке толмаған екі қыздың заңды өкілдерінен төрт арыз түскенін хабарлаймыз", – деп толықтырды полицейлер.

Еске салайық, қаңтар айының басында қазақстандық блогер Құлпынай Қалменова күйеуін педофил деп айыптаған болатын. Ол күйеуінің кәмелетке толмаған қыздармен жазысқан хаттарын жариялады.

Бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жауап берді.

"Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, біз балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық шараларды қабылдаймыз", – деп сендірді ол.

Еске салсақ, осыған дейін желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген дау шықты. Блогердің әйелі Құлпынай Қанат ер адамның кішкентай қыздармен түскен фотоларын, хаттарын және басқа жасөспірімдердің мойындаған оқиғаларын жариялады.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды