«47 ресейлік басылым мені қаралаған»: Жанна Оразбақова өзіне қарсы тапсырыс жасалғанын айтты

16.01.2025, 12:48
625
«47 ресейлік басылым мені қаралаған»: Жанна Оразбақова өзіне қарсы тапсырыс жасалғанын айтты жеке мұрағатынан

Үстінен іс қозғауы Оразбақованы қылмыстық іс жүргізу құқығынан айыруға бағытталған дейді заңгер Анар Құсайынова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жанна Оразбақоваға ресейлік сайттарда ақпараттық шабуыл басталған көрінеді. Ал бұған дейін тергеу құпиясын жария етті деген айыппен адвокат Жанна Оразбақованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тараған.

BES Media басылымының дерегінше, баспасөз мәслихатында Жанна Оразбақова ақпаратты жария еткені үшін жауапкершілікті ескертетін ешқандай құжатқа қол қоймағанын, тағылған айыпты негізсіз деп санайтынын айтты.

Адвокат өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс кәсіби қызметіне жасалған қысым деп санайды. Бұл әрекет өзін және әріптесін заңгерлік қызметтен аластату үшін жасалып жатқанына сенімді. Оның пікірінше, іс тапсырыс бойынша жасалған.

“Маған және менің әріптесіме қатысты қылмыстық істің тіркелуі бізді жалпы кәсіптен аластату мақсатында ашық тапсырыспен жасалған іс деп есептеймін. 423-бап бойынша іс қозғау үшін ақпаратты жариялағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы жазбаша міндеттеме болуы керек. Мен мұндай жазбаша міндеттемеге қол қойған емеспін, менен ешкім қол қоюды талап еткен жоқ. Бұл қылмыстық іс заңсыз қозғалған, прокуратура мұны тоқтатуы керек еді”, – дейді Оразбақова.

Жанна Оразбақова ресейлік сайттарда өзіне қарсы ақпараттық шабуыл басталғанын, оған пара алды және бопсалады деген айып тағылғанын айтты. Оның айтуынша, мұндай науқанға қыруар қаржы кетеді. Адвокаттың сөзінше, осыған дейін клиенті Лилия Аношина туралы дәл сол басылымдарда ақпараттар жарияланған.

"Ресей Федерациясының 47 түрлі басылымдары мен туралы жаңалық жазып, менің фотосуретіммен жариялады. Қазақстандық олигарх Александр Беловичтің бұрынғы әйелі қорғауымдағы Лилия Аношинаға қарсы ақпараттық науқан бір жыл бойы жүргізілген еді. 20 желтоқсанда сол үлгілерді пайдаланып, маған қарсы шықты", – деді адвокат.

Республикалық адвокаттар президиумының мүшесі Анар Құсайынова да Жанна Оразбақоваға қатысты іс тапсырыс бойынша жасалған деп есептейді.

"Менің ойымша, адвокат Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық істі заңсыз ресімдеудің тапсырыстық сипаты айқын. Бұл оны нақты қылмыстық іске қатысудан шеттету ғана емес, сонымен қатар оны қылмыстық іс жүргізу құқығынан айыруға бағытталған. Бұл қылмыстық істің заңсыз тіркелгеніне бүгін 21 күн болды. Жанна ешқандай сотқа дейінгі тергеу органына шақырылмаған", – деді Анар Құсайынова.

Айта кетейік, Жанна Оразбақова "Базис-А" құрылыс холдингінің негізін қалаушы Александр Беловичтің бұрынғы әйелі Лилия Аношинаның мүддесін қорғаған. Лилия Аношина мен оның бизнес-менеджері Татьяна Белова бопсалау мен алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Оларға қарсы мәлімдемелерді Аношинаның бұрынғы күйеуі Александр Белович берген.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген