19616

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық шекараны кесіп өтпек болғанда ұсталды

2023 жылғы 28 ақпанда халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұсталды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты  Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық шекараны кесіп өтпек болғанда ұсталды

Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл бойынша департаментінің "Сортөбе" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болғанда қолға түсірген.

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері "Айша бибі" өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеудегі ҚР азаматын ұстады.

Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.