Wildberries маркетплейсінен қатерлі ісік тудыратын кремдер алынып тасталды

28.04.2025, 11:49
640
Wildberries маркетплейсінен қатерлі ісік тудыратын кремдер алынып тасталды Shuttersock / Artemisia_Absinthium

Платформада сатылып келген La Roche-Posay кремінен бензол табылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Wildberries & Russ Біріккен компаниясының баспасөз қызметі La Roche-Posay кремінен бензол табылуына байланысты түсініктеме берді.

– Wildberries платформасында ұсынылған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасына үлкен мән береді. Біз сайттағы тауарлардың заңға қайшы келетін түрлерінің бар-жоғына үнемі мониторинг жүргіземіз.

Маркетплейс Роспотребнадзордың (Ресей тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің) хатын алған соң, ішкі тексеріс жүргізіп, нәтижесінде аталған өнімнің карточкаларын бұғаттады.

Біз мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өтініштеріне әрдайым жедел жауап береміз, тауарларға қатысты ішкі тексерулер өткіземіз және қандай да бір заңбұзушылық анықталған жағдайда, дереу шара қолданамыз, - дейді компания баспасөз қызметінің өкілі.

Маркетплейстің оферта шартын қабылдай отырып, сатушылар өз өнімдерінің Ресей Федерациясының заңдары мен платформаның ережелеріне толық сәйкес екенін растайды. Бұл ережелерге сәйкес, сатушылар тауар карточкасында өнімнің тұтынушылық қасиеттері туралы толық ақпарат көрсетуі және тауар санатына қарай оның міндетті талаптарға сәйкестігін дәлелдейтін құжаттарды ұсынуы керек. Сондықтан кейбір санаттар бойынша тауар карточкасын жасау кезінде тиісті құжаттарды қоса тіркеу міндетті.

Бұған дейін Wildberries маркетплейсінде сатылатын кремдерден «рак» тудыратын заттар табылғаны туралы жазған едік.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды