SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, продюсер Мөлдір Мұқан жан сырын ақтарып, көпшілікті алаңдатты. Жеке парақшасына жарияланған видеода Мөлдір қатты жылап отыр. Оның айтуынша, бұл – жай ғана эмоция емес, жылдар бойы жиналған ауыр күйзелістің көрінісі.
«Сахнада – күлімдеген бейне. Камера сыртында – көз жасына тұнған шындық. Бұл – жай кадр емес. Бұл – жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана», – деп жазды продюсер.
Мөлдірдің бұл жан айқайы жұртшылықтың жүрегін елжіретіп, көпшілікті алаңдатты. Продюсердің жанындағы команда мүшелері оны жұбатуға тырысты.
«Әлі бәрі жақсы болады. Жаным, жыламашы. Сынақтың ауыры өтіп жатыр. Бірақ Алла бәрін реттейді. Сені жақсы көреміз. Қатты жыламашы, өзіңмен бірге бізді де жылатасың», – деп демеу айтты әріптестері.
Қоғамда Қабатовтар отбасы соңғы жылдары түрлі дау мен қиын кезеңдерді бастан өткеріп жүр деген болжамдар жиі айтылады. Әзірге Мөлдір Мұқан бұл жазбасына нақты себеп келтірмеді. Дегенмен оның жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік оған қолдау білдіруде:
«Мөлдір, мықты бол!», «Бәрі жақсы болады», «Алла жүрегіңе тыныштық берсін», – деген пікірлер көптеп жазылуда.
Желіде танымал отбасына қатысты соңғы уақытта түрлі алып-қашпа сөздер көбейгенімен, Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатов тарапынан бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасалған жоқ.