«Мастурбация жасаған»: енді inDrive таксистері қызбен танысқысы келсе ауыр жазаланады

Азиз Қалижан Редактор
05.08.2025, 15:30
2310
«Мастурбация жасаған»: енді inDrive таксистері қызбен танысқысы келсе ауыр жазаланады әлеуметтік желіден

Енді такси жүргізуші жолаушы қызбен танысуға тырысып қырындаса да, қатаң жазаланады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, inDrive сервисі Астанада орын алған сорақы оқиғадан кейін қауіпсіздік талаптарын күшейтетінін мәлімдеді. Енді көліктегі флирт, танысуға тырысу секілді әрекеттер адам өміріне төнген қауіппен теңестірілетін болады.

Компания негізін қалаған Арсен Томский бұл мәселеге жеке өзі араласып, Қазақстанда әйелдерге қатысты дискриминация мен харассментке қарсы ауқымды медиа және мемлекеттік құрылымдармен (GR) жұмыс басталатынын хабарлады.

«Біз ережелерді күшейтіп жатырмыз. Тіпті қырындаудың өзі де өмірге қауіп төндірумен тең болады. Бұл — менің жеке басым үшін маңызды мәселе. Себебі мен — екі қыздың әкесімін», — деді Томский Threads желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, әйелдердің қауіпсіздігі компания үшін басым бағытқа айналады. Бұл шешім Астанада орын алған жантүршігерлік жағдайдан кейін қабылданды: жолаушы қыздың алдында жүргізуші мастурбация жасаған. Жәбірленуші болған жағдайды видеоға түсіріп, полицияға жүгінген. Алайда құқық қорғау бөлімінде де оны қолдау орнына, бір қызметкердің орынсыз пікіріне тап болып, бұл тағы бір психологиялық соққыға айналған.

Оқиғаның соңы — 15 тәулік қамауға алумен аяқталды. Бірақ бұл жалғыз жағдай емес. Қарағанды облысында бірнеше әйел такси жүргізушісін қол жүгірту, сүйуге тырысу, тіпті тұншықтыру әрекеттері үшін айыптаған. inDrive платформасы арқылы жұмыс істеген бұл жүргізуші өзге біреудің құжатымен қайта тіркеліп, заңды айналып өтпек болған. Полиция оның кім екенін анықтаса да, қамауға алмаған. inDrive өкілдері бұзақының аккаунты өмір бойына бұғатталғанын мәлімдеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды