Білім саласында мамандарды даярлауда қандай өзгерістер болады

04.04.2023, 15:05
613
Білім саласында мамандарды даярлауда қандай өзгерістер болады smartnews.kz

Аттестау кезінде педагогтер жинайтын құжаттар азаяды. Бұл туралы Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Оқу-ағарту министрлігі Президент тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау мақсатында өңірлік білім басқармалары басшылары мен педагогикалық жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен шұғыл түрде кеңес өткізіп, осы бағыттардағы жұмыстарды жүйелі іске асыру мақсатында, Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен ведомствоаралық Үйлестіру кеңесін құрды. Мәселелерді жіті зерттеп сапалы шешу мақсатында министрлік жанынан білім саласының сарапшыларынан жасақталған жұмыс тобы да құрылды», - деді Ғ. Бейсембаев.

Осы орайда ол мұғалімдердің деңгейін анықтау аттестаттау арқылы жүзеге асырылатынын еске салды. Қазіргі қолданыстағы ережелерге сай аттестаттау рәсімі 3 кезеңнен тұрады - дәрежені бағалау, қызмет нәтижелерін кешенді талдау, білімді бағалау.

«Аттестаудағы негізгі проблемалар – бұл педагогтердің электрондық және қағаз нұсқада жинайтын құжаттарының көптігі, аттестаттау комиссиясының ұсынылған құжаттарды ұазақ қарауы, тест тапсырмаларының сапасы. Сонымен қатар, басты мәселелердің бірі - аттестаттау процесінің объективтілігін, ашықтығын және академиялық адалдық принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету. Осы мәселерді реттеудің басты құралы ретінде аттестаттау процесін автоматтандыру қолға алынды. Қарапайым тілмен айтқанда, аттестация жүйесі «бір батырма» принципімен жүргізілетін болады. Яғни, мұғалім тек аттестациядан өтуге ниет білдіргенін растайды, ал аттестациядан өтушінің жеке құжаттары және оның деңгейін анықтайтын тиісті материалдарды ақпарттық жүйе өзі автоматты түрде жинақтап, талдап, қысқа уақыттың ішінде қорытындысын шығарады», - деді министрдің міндетін атқарушы.

Оның пайымынша, бұл қадам адами факторды толықтай шектеп, объективтілікті орнатуға ықпал етеді.

Аттестаттаудың тестілеу рәсімі де жетілдірілмек. Барлық ұсынылған өзгерістер педагог қауымдастығымен жіті талқыланғаннан кейін, жыл аяғына дейін Педагогтерді аттестаттаудың қағидаларына тиісті өзгерістер бекітіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсарту мақсатында, яғни Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім беру саласында 1000 маманды іріктеу және даярлау бағдарламасы жұмыс топтарында талқылаудан өтті. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтығы, жоғары білімі және кемінде 3 жыл педагогикалық еңбек өтілі бар педагогтер және басшының орынбасарларын тарту көзделген. Республикалық кадр резервіне даярлаудың және енгізудің 3 кезеңі айқындалды. Бірінші - «іріктеу», екінші - «дайындықтан өту», үшінші - «кадрлық резервке енгізу» кезеңдері. Әрбір модульден өткеннен кейін, аралық бағалау жүргізіледі, қорытынды бағалау нәтижелері бойынша педагогтерге жетекші мектептер базасында тағылымдамадан өту ұсынылады», - деді министрдің міндетін атқарушы.

Осы орайда оларға сертификат тапсырылып, үміткерлер кадрлық резервке енгізіліп, білім беру ұйымдарының басшылық қызметіне конкурссыз негізде жұмысқа орналасады.

«Осыған орай, 2024 жылдан бастап жыл сайын жаңа форматтағы басшылардың, білім берудегі өзгерістер көшбасшыларының кадрлық резерві толықтырылатын болады. Бұл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы негізінде салынатын білім мекемелерін басшыларымен қамтамасыз ету мәселесінің оң шешімін табуына ықпал етеді», - деді Ғани Бейсембаев.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды