Ақтөбедегі апат: 12 адам қаза тапқан жол апатын тергеу үшін Үкімет комиссия құрды

23.10.2025, 15:06
699
Ақтөбедегі апат: 12 адам қаза тапқан жол апатын тергеу үшін Үкімет комиссия құрды әлеуметтік желіден

Премьер-министр тапсырма берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданындағы Бөгетсай ауылы маңында болған жантүршігерлік жол апатының себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Бектенов комиссия мүшелеріне жұмысты дереу бастап, апаттың барлық мән-жайын мұқият тексеруді, сондай-ақ қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсетуді тапсырды.

Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді. Құрамына Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің басшылары, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері енді.

Еске салайық, 23 қазанда Самара – Шымкент тасжолында, Белқопа ауылы маңында жүк көлігі DAF пен жолаушылар мінген «Газель» соқтығысып, бір мезетте 12 адам көз жұмды.

Полицияның алдын ала дерегі бойынша, жүк көлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Соққының күші соншалық, екі көліктің жүргізушілері мен «Газельдегі» он жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын анықтап жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды