1455

Асқан қатігездікпен төбелескен жаңаөзендік жасөспірімдердің ісі сотқа жетті (ВИДЕО)

Қыздардың ата-аналары жауапқа тартылатын болды.

Асқан қатігездікпен төбелескен жаңаөзендік жасөспірімдердің ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңаөзенде жасөспірім қыздардың қатысуымен болған төбелес ісі сотқа жолданды.

Оқиға 18 қазан күні болған. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сержан Түйешиев хабарлады.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Іс сотқа жолданды. Ата-аналарға үй қамақ жазасы немесе айыппұл түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, үш қыз да **полицияның есебіне алынды», – деді Түйешиев.

Белгілі болғандай, 8 және 9-сыныпта оқитын екі оқушы мен колледждің 2-курсында оқитын 18 жастағы студент қыз өзара сөзге келіспей қалып, дау төбелеске ұласқан.

Бұған дейін материалдар Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясына жолданғаны туралы жазған едік.

Материал авторы